Білім сынағынан мүдірмей өтіп, арманың орындалсын!

Жылда оқу жылы аяқталар сәтте түлектер алдында ҰБТ сынағынан өтіп, тиісті балл жинау мақсаты тұрады. Мектепте алған 11 жылдық білімінің нәтижесін көрсетіп, еліміздің жоғарғы оқу орындарына қалаған мамандығы бойынша грант иеленуге ұмтылады. Таңдаған мамандығы айналасында тәжірибе жинап, пән олимпиадалары мен ғылыми – жоба байқауларында қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Ойлары – тезірек есейіп, қолына диплом алған соң, елге адал  қызмет ету.

Арманы асқақ түлектердің қатарында Республикалық «Farabi  shakirti» журналымен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым сайтының   Жас  тілшілері де бар.

Олардың әрқайсысы еліміздің Media саласында абыройлы еңбек еткен аға-әпкелерінің жолын жалғастырып, жоғары технологиялар дамыған заманда журналистика саласын жаңа қырынан ілгерілетуге үлес қоспаққа ниетті. Мектеп түлектері арманына бір қадам жақындай түссін деген тілекпен олардың жазған мақалалары басылым беттерінде жариялануда. Атап айтсақ, Жас тілші қатарына қосылған шәкірттерді атап айтсақ:

 Дінмұхаммед  АХАНОВ —Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы,

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы

ҚҰРМАШ Жайна — Алматы қаласы  Білім басқармасының

Медеу ауданы, «172 мектеп – гимназиясының» 11- сынып оқушысы

МАМАНОВА  Мадина — Алматы қаласы, Білім басқармасының

Медеу ауданы «172 мектеп-гимназияның» 11 сынып оқушысы

Аружан  МӘУЛІТ — Алматы қаласы Білім басқармасының

Әуезов ауданы, «№13 мектеп-гимназиясының» 11-сынып оқушысы

САҒЫНДЫҚ  Зере — Қарағанды қаласы, №59 ЖББМ

11-сынып оқушысы.

Түлектерді құттықтап, жолдарың ашық болсын дейміз!

Республикалық «Farabi  shakirti» журналымен

 www.farabishakirti.kz  желілік

басылым — сайтының  редакциясы