Білімді жастар – ел болашағы

ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Қазақстан  Республикасының  Президенті:

«Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында».

                                       (https://aikyn.kz/227247/men-zhastarga-senemin-tokaev)

Бүгінгі таңда еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында. Мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өркендеуі, алдыңғы қатарлы елдермен терезесі тең болуы тікелей жастардың білім деңгейіне байланысты. Сол себепті мемлекетімізде жастардың өсіп-өніп, өркендеуіне көп мүмкіндіктер жасалуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа адамдар» қозғалысын құруды қолдады. Бүгінде қозғалыстың жастары көптеген іс-шараларды ұйымдастыруда.  Мемлекет басшысы үнемі еліміздің жастарына сенім арттатынын айтып, оларды қолдап келеді. Болашақта мен де еліміз үшін аянбай тер төгетін жастың бірі боламын. Жер-жерде жалынды жастардың бастамасымен жүзеге асып шараларды жарыққа шығуына қолдау көрсететін Бұқаралық ақпарат құралының өкілі болуға бел будым.

Қазіргі заман – білім мен ғылымның дамыған кезеңі. Әлем күн сайын өзгеруде, жаңа технологиялар, инновациялар, цифрлық шешімдер өмірімізге еніп жатыр. Осындай жаһандық өзгерістерге бейімделу үшін, жастар жан-жақты дамып, білімді болуы керек. Олар тек біліммен ғана емес, ұлтжандылықпен, жауапкершілікпен, еңбекқорлықпен қарулануы тиіс. Туған еліне адал қызмет ететін жастар қабілетіне, кәсіби біліктілігіне байланысты әр салада жемісті еңбек етіп келеді. Бірқатар жастар білімін шетелдік алдыңғы қатарлы Университеттерінде білім алуда, енді бірі тәжірибе алмасу мақсатында түрлі алаңда қызмет етуде.

Жастардың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан түрлі мүмкіндіктер жасалған: «Болашақ» бағдарламасы, гранттар, жаңа білім беру стандарттары, шетелде оқу, академиялық ұтқырлық – барлығы жастардың бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасайды.
Сондай-ақ, білімді жастар – қоғамның қозғаушы күші. Олар қоғамдағы әділетсіздікке, жемқорлыққа, экологиялық мәселелерге бейжай қарамай, өз ұстанымдарын ашық айтып, өзгеріс жасауға ұмтылады. Мұндай белсенді, саналы ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі. Бабалар ізімен кешегі мен бүгінгі тарихты ғасырларға жалғастыратын жастардың қатарынан көріну – биыл мектеп бітіріп, қолдарына аттестатын алған түлектер де алдына мақсат қойып, болашақта туған елі үшін еңбек етіп, жерін қорғайтын Қазақстанның патриоты болуға бел байлады. Ертең – бір-бір мамандық иесі болып, қалаған мамандығы бойынша өз ісінің шеберлері болатынымызға сенім артқан ата-анамыздың, коғамның үмітін ақтайтынымыз кәміл.

Білімді жастар – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі, үміті мен сенімі. Әрбір жас өзін дамытуға, білім алуға ұмтылса, еліміздің болашағы жарқын болмақ.

                                                ЕРБОЛАТ Елбақыт,

Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ізұтты Айтықов ауылындағы

Қасым Қайсенов атындағы орта мектептің  түлегі

Суретhttps://akorda.kz/.

Дереккөзі: egemen.kz; bilimdinews.kz;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты