Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев ардагер журналисті ғасыр тойымен құттықтады
Алматы қаласы «Достық үйінде», кеше 23- шілде күні ардегер журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері екі ғасырдың куәгері Ханымбүбі Ақжолованың жасының 100 — ге толуы Республика көлемінде аталып өтті.
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатын Ақпарат және қоғамдық даму министрі Балаева Аида Ғалымқызы мерейтой иесі,Ханымбүбі апаға табыстады.
«Сіз ғибратты ғұмыр жолыңыздың бүгінгі бір ғасырлық белесіне үлкенге де, жасқа да үлгі болатын адами биік болмысыңызбен жетіп отырсыз. Отандық баспасөз саласында көп жыл қажырлы қызмет етіп, еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға орасан зор еңбек сіңірдіңіз. Ел игілігі үшін атқарған жемісті жұмысыңыз үшін Сізге алғысымды білдіріп, 100 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Деніңізге саулық, әулетіңізге амандық тілеймін», – делінген Алғыс хатта.
Сонымен қатар Министр өз сөзінде мерейтой иесіне:
Мемлекет басшысының өзіндей ғұмыр жасы 100 — ді еңсерген анаға деген құрметіне, жүрек тебірентерлікқұттықтауына ризашылығын білдіре отырып, Х.Ақжолова «Бір ғасыр биігінде» атты жаңа кітаптың бір данасын Президентке жолдады.
Ханымбүбі апа, Алматы облысы, Жамбыл ауданының Үмбетәлі ауылында дүниеге келген.Мектеп қабырғасында жүргенде — ақ қаламы төселіп, болашақ мамандығына барар жол салып үлгерген. Мектеп бітірген соң, 1944 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, әдебиеттанушы, профессор Мүсілім Базарбаев, атақты ғалым, жазушы — журналист Мұқан Мамажанов, жазушы Кемел Тоқаев сынды болашақ танымал тұлғалармен қатар оқып, білім алған.
1949 жылы білім ордасын қызыл дипломмен тәмамдап, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») республикалық газетінде ұзақ жылдар бойы қызмет атқарған. Кейіннен туған жеріне оралып, Жамбыл аудандық «Большевиктік жол» («Екпінді еңбек») газетіне редактор болып тағайындалып, қажырлы еңбек етеді. 1971 жылы зейнет жасына жетіп, «Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері» құрметті атағын иеленген.
Жүз жасаған ананы құттықтаған, ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Семей — Невада» қозғалысының 30 жылдығына арнап тағайындаған мерекелік медалін тапсырды. Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Махатұлы Тұрлашев «Алматы облысының құрметті азаматы» атағы берілгендігін айтып, арнайы құжат тапсырды.
Дана кейуананы Алматы облысы, Жамбыл мен Қарасай аудандарының әкімдері – Ертас Нұрлан Ертасұлы, Далабаев Жандарбек Ермекұлы аудан халқының атынан игі тілегін айтып, құттықтады.
Жамбыл аудандық кәсіподағының төрағасы Абаев Әскербек Көкеұлы қатысып, Х.Ақжолваға ақ тілегін арнады.
Анасының бір ғасырлық жасқа толуымен құттықтап келген қонақтарға, журналистің қызы, биология ғылымдарының докторы Айткелдиева Света Айткелдіқызы ризашылығын білдірді. Иә, анасының ұзақ ғұмыр кешуіне бірден – бір себепші қызы. Күтімі жақсы, құрметі күшті, көңіл – күйі орнықты болғанның өзі адам жасын ұзартатынын осыбір қарт ананың өмірінен көріп отырмыз. Немересі, қазір Германияның Гамбург қаласында қызмет атқарып келе жатқан Айгерім Айткелдиева да әжесін құттықтап, анасы мен көпшілікке алғыс айтты.
Жазушы, журналистер, еңбек адамдарының мерейтойын қалт жібермей, рухани демеп келе жатқан жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Нағашыбек Қапалбекұлының әріптесіміздің 100 жылдық мерейтойын атап өту туралы бастамасы игілікке бастау болды. Оның ұсынысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан қолдау тауып, Ханымбүбі ананың батасын алды.
Ж.КУЧУКОВА