Бір тамшы судың ғажайып саяхаты

Күндердің бір күнінде аспан әлеміндегі Бұлттар атты аспан елінде бір тамшы су өмір сүріпті. Оның аты – Тамшыбек еді. Оның бала күнгі арманы — аспан асты жер әлемін көру еді. Бір күні таң атып, күн бұлттардың арасына кіріп кетіп, айнала күңіреніп, далада алай-дүлей жел соғып, нөсер жауын құйып кетті де, Тамшыбек жерге түсіп кетті.

Тамшыбек биік таудың етегіне түсті. Таулардың арасынан сырғып өтіп төмпешіктерге жетті, одан кейін тоғайлар арасымен өтіп келе жатып, кішкентай бұлаққа қосылып, шатыр-шұтыр ағып жөнелді. Жолай ол текке жүрмей жер әлемімен танысып, гүлдер мен ағаштарды суарып, құстардың да шөлін қандыра жүрді.

Өзі сияқты тамшылар бірігіп, бұлақ үлкейе бастады, бір кезде суы молайып, ағынына сыймай олда өзенге айналды. Өзендегі Тамшыбек пен достары түрлі тау асулары, нулы орман жағалары арқылы өтіп теңізге беттеді. Ұзақ сапары кезінде жол-жөнекей түрлі балықтармен де танысып алды. Балықтармен жөн сұрасқан кезінде теңізге аттанып бала күнгі арманы жер әлемін көру екенімен бөлісіп. Аспан әлеміндегі қызықты оқиғаларын жаңа достарына айта жүрді. Тамшыбек қызықты оқиғаларын айтып жатқанда теңізге жетіп, оның түбіндегі маржандарды көрді әрі оның әдемілігіне тамсанды. Осылай ол сенің арманың үшін қолайлы жағдай туады, сол кезде мүмкіндікті жібермей әрекет ету керек екенін түсінді. Бірақ, арманына жеткен Тамшыбек бұлттар жеріндегі өмірін сағынып, жерді көру оның арманы болғанына күмәні келе бастады. Өзен-сулар тек аспаннан ғана толқып, үнемі қозғалып тұрғандықтан қызықты көрінген екен ғой деп бұрынғы еліне қайтуды аңсады. Жылтырағанның барлығы алтын емес екен ау деп күрсінді.

Күндердің бір күнінде аспан қайтадан жарқырап, теңіз бетіне бу көтерілді. Буланған тамшылар арасында Тамшыбек пен достары да болған еді. Олар будан кішкентай бұлтқа айналып, бірнеше бұлттар жиналып үлкен аппақ бұлтқа айналды. Өзінің аспан еліне жаткен Тамшыбектің қуанышында шек жоқ. Барлығы жақсы болды ғой деп қуана бергенде, аспандағы көп бұлттар бірігіп тағыда үлкен жауынның бұлттарына айналды, бу боп көтеріліп, кенеттен жарық сәулесі жарқ ете түсті. Бұл – Айша деген сиқырлы бұлт еді. Сол кезде Айша Тамшыбекке:

– Сенің жүрегің таза,сияқты – деді жұмсақ дауыспен.

– Мен сені «Ғажайып Көкжиекке» апарайын.-деді.

Тамшыбек қуанышында шек жоқ, орнына тұра алмай жерге нөсер болып жауайын деп әрең жүр. Айша оны ең биік бұлттарға апарып, ондағыларға таныстырды. Ол жақтағылардың әрбірі ерекше. Біреуі жалт-жұлт еткен күмістей, біреуі жібектей аппақ, тағы бірі гүл иісі аңқыған хош иісті екен. Олар Тамшыбекке ертегі әңгімелерін айтып, жаңбыр тамшыларының көптеген сырын ашты.

Кенеттен қоңырау үні естілді. Бұл – «Алтын Төбелер» патшалығының шақыруы еді. Айша мен Тамшыбек шыңға айналып аспаннан төмен қарай қалың орманның үстіне бірге түсті.

Патшаның сарайында Күміс Патша оған тапсырма берді: «Орманның жүрегінде тұрған Қайнар Көзді қорғау керек. Ол барған сайын сарғайып барады – оның көзі құрғап қалса, бүкіл орман қурап қалады. Егер ол сарқылса ағаштар сусыз қурайды. Ал егер ағаштар қурап қалса жануарлар үйсіз қалады. Бұның барлығы үлкен табиғи апатқа әкеліп соғуы әбден мүмкін.»

Тамшыбек хан тапсырмасын бұлжытпай орындауға уәде беріп дереу қимылды бастады. Олар орман жануарларымен бірігіп, Қайнар Көзге қолдау көрсетті: бұтақтардан жасалған қорған арқылы өтетін жолдармен суды бұрып Қайнар көзге су жеткізу жүйесін құрды. Бірнеше күннен кейін Қайнар Көз жаңғырып, суы мөлдір әрі асу ағынға айналды. Ормандағы ағаштар қайта жайқалып, бұталары жапырақтарын жайып, гүлдері қайта жайқалды. Осылайша өз уәдесін орындаған Тамшыбек патша сарайына беттеді.

– Сенің батылдығың мен мейірімділігің нағыз ерлік, – деді Күміс Патша.

– Енді сен аспан мен жерді жалғайтын нағыз Батырсың! — дегенде Тамшыбек қуаныштан жарқ етіп кетті. Ол жаңа достарымен қоштасып, қайтадан буға айналып, әлемді шарлау үшін ұшып кетті. Оның бұл сапары әлі де жалғаса беретін сияқты. Ехх… оны алда қандай ғажайып оқиғалар күтіп тұр екен?!

ТӨЛЕУХАНОВ Нұрдана,

ШҚО, Күршім ауданы,

«№3 Күршім гимназиясының» 11 — сынып оқушысы.

Сурет: https://qaz.ulysmedia.kz/