Бірлестік жұмысы педагогикалық инновациялар негізіне құрылады

Пән әдістемелік бірлестіктерінің жұмысының жүргізілуі мектеп мұғалімдеріне жақсы таныс. Мектептегі барлық пәндердің өз бірлестіктері бар. Айталық, бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті, жаратылыстану, математика, тарих, ағылшын тілі, орыс тілі, көркем еңбек және дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің жұмысын үйлестіретін бағыт – бағдар беретін орта. Еліміз бойынша барлық мектептерде әдістемелік бірлестіктер жұмыс істейді. Оларға тән жалпы ережелер бар. Мақсаты мен міндеттері ұстаздарға таныс. Мектептегі әдістемелік қызмет – бұл заманауи педагогикалық технологияларды қамтамасыз етудің, әзірлеудің және оларды білім беру ұйымының  оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің икемді дамушы мектепішілік құрылымы. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы Оқу – ағарту министрлігінің арнайы құжатын басшылыққа ала отырып, бірлестік оқу жылы бойына атқаратын жұмыс жоспарын ұстаздармен бірлесіп құрады.

Әдеби — бірлестік ҚР — ның Конституциясын, ҚР Президентінің Жарлығын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, бала құқығы туралы Тұжырымдаманы, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша білім беруді басқару органдарының сұрақтары, мектептің жергілікті құқықтық актілері мен жарлығын, директордың бұйрығы мен тапсырмаларын өз қызметінде басшылыққа отырып сақтайды. Мақсаты – мұғалімдер ұжымының кәсіби шеберлігін арттыру, оның шығармашылық қарымын, тұлғалық дамыту. Міндеттері — мұғалімдер ұжымын ғылыми – әдістемелік бастамалармен таныстыру. Мұғалімнің ғылыми – әдістемелік жағынан өсуін, оның шығармашылық бастамасын дамытуға, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал жасау.

  Әдістемелік бірлестік жұмысының мазмұны,  қызметтің бағыттарына сүйене отырып, қазіргі жаңа технологиялар мен инновациялық жаңалықтармен ұстаздардың оқу бағдарламаларын толықтырып, ой елегінен өткізіп, шәкіртке білім беріп келеді. Жаңашыл ұстаздар туралы сөз бастағанда, Абай атындағы мамандандырылған гимназия – интернатының ұстаздары әр пән бірлестіктеріне бірігіп, тағлымды тәрбие мен сапалы білім беруді ұстаздық парыз деп білеміз. Сондықтан, мектепте білім беру саласындағы ең озық технологияларды сабақ беру үрдісінде жаңа мазмұндағы әдістерді пайдаланып, әр пән мұғаліміжаңа ізденеістерді тәжірибеге айналдыруда. Биылғы оқу жылында гимназия – интернатында өткізілген тәжірибелік сабақтар бір – біріне ұқсамайтындығымен мұғалімдеріміздің шеберлігін көрсетуде.

Өткізілетін семинар, тренинг, коучтар мен тәжірибе алаңдарының арнайы жоспары құрылады. Сол жоспарға сәйкес тақырыптар таңдалып, бекітіледі. Атап айтқанда, «Мұғалімнің педагогтік әдебі мен мәдениеті» атты семинар – тренингке келген ұстаздар өзара бірқатар жаңалықтарымен таныстық. Семинар – тренингтің мақсаты – педагогтық әдеп туралы түсінік беру, мұғалім мен оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау. Педагогтардың ұжымдық сыйластықпен бір-біріне сенім арту, бірлесіп жұмыс жасауға баулу, көңіл-күйлерін көтеру. Тренингтің жоспары болады. Кіріспе, негізгі және қорытындыдан тұрады.

Семинарға қатысушылар қазіргі замандағы мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті ол ізгілендіру бағытындағы жеке — дара және күрделі әлеуметтік жүйе. Мұғалімнің коммуникативтік  мәдениеті — бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік-педагогикалық іс — әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрініс. Атап айтқанда, ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым — қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативті қарым — қатынасының нәтижесі.  Педагогтің мәдени қарым – қатынасы — этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым — қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс — әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, білім алушының ата — анасымен дұрыс қарым — қатынас жасай алуы. Кәсіби компоненті — таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу — тәрбиелеудегі әдіс — тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция ( жан-жақты, әрі терең бойлаған танымпаздық және білімділік.) базасының болуымен ерекшеленеді.

«Табысты мұғалім болғың келе ме?». Бұл гимназия – интернатында өткен коучинктің тақырыбы. Коучингке  қатысушылардың қызығушылығын арттыру, әдістемелік көмек көрсету, жаңа тәсіл түрлерімен таныстыру, құзырлы мұғалімге тән белгілерді айта отырып, мысалдар келтіру, өткен оқу жылы бойынша үйренген әдіс — тәсілдердің тиімділігін айту. Практикалық  тапсырма — әңгімелесу арқылы балалардың оқуға ынтасын ояту. Мұғалім тәжірибесіне жаңа әдістерді енгізу, топпен жұмыс. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс — тәсілдер, құзырлы мұғалімге тән белгілер, кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби — адамгершілік тұтастық, сапалы және табысты оқыту – түйінді идеялар жиынтығы.

Коучинг – кезеңдерге, әрекеті мен мұғалімнің әрекеті деп үш кезеңге бөлінеді. Және кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Мұғалімдердің әрқайсысы «Табысты мұғалім болғыңыз келе ме?» деген сұраққа жауап береді. Армандарын айтады. «Оқушыға ренжігенде ең алғаш    аузыңызға оралатын сөз қандай?» екенін айтады. «Оқушылардың ең сүйікті ісі қандай?» екенін анықтайды. Баланың жақсы оқуына  кедергі келтіретін не нәрселер туралы ойланады. «Оқушының қандай әрекеті сізді қуантады?» деген сұрақтың төңірегінде өзара кәсіби кеңес жүргізеді.

Мұғалімге қандай ережелерді  есте сақтау қажет екенін ортаға салады.
Оқушының жетілдіретін тұсын тез байқай білудің тәсілдерін меңгереді. «Баға үшін бала қайғырады ма?» деген сұрақтың төңірегінде пікір алмасады. Жақсы оқудың ең оңай жолы қандай екенін әдіс — тәсілдер арқылы шешеді. «Оқушыңыз қандай әрекеттерді атқаруға дайын болу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Қорытынды бөлімде  жоғарыда талқыға түскен сұрақтардың шешімін табады.

—Сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;

—Оқушылардың білімін бағалаудағы шынайылық;

—Жиі кәсіби кеңес жүргізу;

—Коучинг, семинар өткізу;

—Желілік қоғамдастықты жетілдіру;

—Сабақты зерттеуді қолға алу туралы әңгімелейді. Коучингты ұйымдастырған қaзaқ тілі мен әдебиеті пәні мұғaлімі, педагог-зерттеуші Мусаева Калдыкуль Шайдазимовна мұғалімдер бірауыздан ауық-ауық коучинг, семинар, форумдар ұйымдастырып, мектептегі тәлімгерлікті сапалы жүзеге асырып, мұғалімдер «Ашық айтсам…» деген кері байланыс жасады. Онда олар коучинг барысында көңіліне түйгендеріне рефлексия жасады.

Гимназия – интернатында қушылардың шығармашылық қабілетіне байланысты «Желілік Абай мектептері арасында өтетін республикалық «ЖАС ҚАЛАМ»  шығармашылық байқауын өткізіліп тұрады. Байқаудың мақсаты — мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін  анықтап, қолдау көрсету және насихаттау. Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтіп, жас буынның тілдік қорын, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту. Байқауға тек қазақ тіліндегі жұмыстар қабылданады. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді. 5-6-сыныптар үшін «Менің ертегім» номинациясы, 7-8-сыныптар үшін «Өмір — фантастика» номинациясы, 9-10-сыныптар үшін «Қызықты детектив» номинациясы белгіленіп, үздіктер іріктеліп, жеңімпаздар анықталды. Әр аталым бойынша І,ІІ,ІІІ жүлделі орын иегерлері марапатталдлы.

Гимназия — интернатында 1 шебер ұстаз, 11 педагог – зерттеуші, 8 педагог – сарапшы, 7 педагог – модератор, 6 санатсыз мұғалім бар. Пән бойынша ұстаздар оқушыларын қалалық, республикалық байқауларға, оқуларға қатыстырып келеді. Шәкірттердің жеке қабілетінің дамуына қосып келе жатқан ұстаздарымыз жетекшілік ететін оқушылардың жетістігі туралы мақтанышпен айтуымызға болады. Сәрсен Айнұр орыс тілі пәнінен Республикалық пәндер олимпиадасынан  3 – жүлделі орынды иеленді. Жетекшісі – Мурзекенова Ж.Ш., Нышанбаева Тоқжан жетекшілік еткен жалпы білім беру ұйымдарының 9 – 11-сынып оқушылары арасында өткізілген республикалық VI «Абайтану» олимпиадасының жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің ІІІ – дәрежелі дипломына Нұржанқызы Ақерке ІІІ – дәрежелі диплом және «Дарын» Республикалық практикалық орталығының арнайы сертификатымен, Едильбаева Каусар, олимпиадада көрсеткен жетістігі үшін  Грамотамен Қуандық Санжар марапатталды. Едильбаева Каусарға Алматы облыстық Білім басқармасының І – дәрежелі дипломы табысталды. Нұрболат Айша жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегері атанды. Жетекшісі – Мусаева Калдыкуль. Жалмаханова Жайна Абдинабиеваның оқушысы Дарханқызы Қарақат, Жанддыкеева Жанар Мұратбековнаның оқушысы Мерекеұлы Сұлтан, Омарбекова Асельдің шәкірті Рүстемұлы Шалқар, Гизатуллина Жанар Райовнаның оқушысы Тәңірберген Іңкәр, Баянбекқызы Қамшаттың оқушысы Дидарқызы Сезім, Борбасова Айнур Молдагалиевнаның шәкірті Хайратқызы Аяулым, Абдильдаева Гульмира Казтаевнаның оқушысы Тенизбай Ерсұлтан, Мурзекенова Жанар Шынасыловнаның оқушысы Сарсен Ернұр ІІІ – дәрежелі дипломға ие болды.

Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» номинациясы бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық Мәшһүр Жүсіп оқуларына қатысып, Бырқия Майра,  «Айтып өткен ақында арман бар ма?» атты «Мұқағали Мақатаев» оқуларынана Шербақын ІІІ – дәрежелі дипломдармен иеленді. Жетекшілері – Жалмаханова Жайна мен Бердалиева Рысгүл.

Аталған жетістіктерді айта отырып, гимназия – интернаты ұстаздары білім беріп, тәрбиелеп, шығармашылыққа баулып келе жатқан шәкірттерінің талғампаздығын, білім мен оқуға құштарлығымен бөлістім. Менің айтқандарым мұғалімдеріміздің жетекшілігімен оқушыларымыздың жеткен келелі істерінің бір бөлшегі ғана. Қай кезең болмасын, білім мен тәрбиедегі ең жоғары жауапкершілік – мұғалімге жүктеледі. Бала тәрбиесі, оларға заман талабына лайық жаңа бағдарламаларға ілесе отырып білім беріп, адал ұрпақ тәрбиелеуге  бар саналы ғұмырын арнаған мектептің жүрегі бола білген мұғалімдердің еншісінде.

ЫСҚАҚОВА Гүлнара Қожахметқызы,

Абай атындағы мамандандырылған

гимназия – интернаты директорының

оқу –ісі жөніндегі орынбасары.

Алматы қаласы