Блогер де тұлға: жасөспірімдердің әлеуметтік желідегі жауапкершілігі

Қазіргі таңда жастардың өмірін әлеуметтік желісіз елестету қиын. Гаджеттердің өміріміздегі маңызы да жаңа қарқынды түрде дамып келе жатыр. Біріне уақыт өткізудің тиімді тәсілі болса, енді біріне шабыт пен идея орталығы, тіпті табыс көзі де болып табылады.

Расымен де, қазір бізге әлеуметтік желінің беретін мүмкіндіктері шексіз. Мысалы, кәмелеттік жасқа әлі жетпеген жасөспірімдер арасында Tik-Tok, Instagram, YouTube және тағы басқа желілердің көмегімен қомақты ақша тауып, әке-шешелеріне көлік алып беріп жатқандар жеткілікті. Бірақ, желі тек ойын сауық емес, пікір мен ықпалдың кең алаңы екенін естен шығаруға болмайды.

Кез-келген телефон ұстаған жас — цифрлық алаңдағы жеке ой. Бір жазған пікір, хат, тіпті лүпіл мыңдаған адамға әсерін тигізеді. Сол себепті, блогерлік салаға тек хобби емес, ең алдымен жауапкершілік пен мәдениеттілікті қажет ететін іс ретінде қарау маңызызды. Бүгінгі таңда «ақылды телефоннан» да ақылды болу маңызды. Желіге жазған әр ойың-өзіңнің бет-бейнең.

Сондықтан жас блогерлер өз контенті арқылы өзгеге шабыт беруді, жағымды энергия таратуды мақсат етуі тиіс.

Блогер болу — тек танымалдық қуалау емес, қоғам алдында өзіндік жауапкершілік алу. Әлеуметтік желіде парасатты, мәдениетті, ізгі ойлы болу — нағыз заманауи тұлғаның белгісі.

ЖАҚСЫБАЙ  Перизат,

Жамбыл  Жабаев атындағы №161 лицейдің 11 «Ә» сынып оқушысы.

Алматы қаласы, Медеу ауданы.

Жетекшісі: Айгерім ЕСІМХАН

Сурет: ЖИ