Қасым-Жомарт Тоқаев,

Қазақстан Республикасының Президенті:

 «Біздің көрнекті ақынымыз Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген сөзі бар. Шын мәнінде, мен де жастарға сенемін. Баршаңызды қолдаймын. Расында, біздің елімізге сіздер сияқты белсенді, білімді, көзі ашық, көкірегі ояу жастар керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында».

          Адам бір орында орнығып, табысты еңбек ету үшін екеуі де маңызды.

     Қазіргі таңда жастарға ең алдымен білім қажет. Белгілі бір мамандықты игермей-ақ күн көреміз деген жасөспірімдер де бара арамызда. Жоғары білім алмай-ақ, өз кәсібін дөңлетіп отырған еңбек адамдарын мақтан тұтуымыз қажет. Маңдай тер төгіп, еңбек етіп отбасын асырауға бар күшін жұмсап келеді. Десекте, ХХІ – ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Технология саласында күнде бір жаңалық туралы естіп, оның өндіріске енгізілгені туралы ақпарапен таныспыз. Жаңа технологияларды меңгеруге де ең алдымен білім қажет. Мұнымен жоғары және арнаулы біліміне сай біліктілігі жоқ адамдар жетістікке жетпейді деген сөз емес.

    Дипломсыз жетістікке жеткен адамдардың саны жеткілікті. Алайда, ол кісілердің жолы тәуекелге толы екенін ұмытпағанымыз жөн. Қандай жолды таңдасаңыз да, ең әуелі екінші мүмкіндігіңіз болуы керегін біліңіз. Әрине, тәжірибеңіз бар болса түрлі жол табуға болады, бірақ ол ешқандай кепілдік бермейді . Дәл осы тұста шарасыз сәттерде дипломның да маңыздылығын түсінеміз. “Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл”- деп бекер айтпаған. Өмір ағысымен жүргенде түрлі кезеңдерден өтетініміз сөзсіз. Осы тұста түсінгеніміз, білгеніміз жеткілікті ме, әлде қағаз жүзінде дәлел керек пе?

    Біріншіден, кәсіби маман болу жолында жұмысқа кірер алдында сізден түйіндеме (резюме) талап етеді. Шыны керек, көп жұмысқа алушылар жоғары оқу орнын аяқтағаныңызға назар аударады. Бүгін таңда ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жұмысқа қабілетті адамдардың 4,8% жұмыссыз отыр. Оның бірден бір себебі адамдардың оқымай, сәттілікке сенуі. Екіншіден, тәжірибесі бір деңгейде екі жастың  біреуінде дипломы жоқ болса, мамандығы бар екіншісін жұмысқа  алатыны анық. Онымен қоса, білімі туралы дипломның жалақыға да әсері бар.

    Үшіншіден, заман талабына айналған IT мамандарына, мұғалім, дәрігер, заңгерлерге теория міндеттелген. Яғни, базалық деңгейде ақпарат алғаны жөн. АҚШ-тың еңбек бюросының ақпараты бойынша 2020-21 жылдағы қарапайым халықтың ішіндегі ең байлары 1,2,3 жоғары білімі бар адамдар болып шықты. Демек, іспен жай ғана айналысып қоймай, оны шебер маман ретінде орындау қажет. Еліміздің және шет мемлекеттер жоғары оқу орындарында алған білім маңызы зор. Бұл сауатсыз жастардың өсуін, байқаусыз қылмыс жасайтын дәрігерлердің алдын алады. Жоғары оқу орындарының ең үлкен артықшылығы: дұрыс орта табу.

     Жаңа, мүлдем таныс емес ортаға тап болу арқылы өзіңізді табасыз, кез-келген ортаға сіңісуді үйренесіз. Қазақ халқы ғасырлар бойы білім ала алатындай мүмкіндіктерді қарастырды, осы жолда қан төкті. Ал қазір оның барлығы қолжетімді болғанда еңбек етуден, оқудан бас тартпаңыздар. Құрметті оқушылар, студенттер! Дипломды қағаз деп емес, 4 жылдық еңбектің нәтижесі ретінде қабылдаңыздар.

РАХИМБЕРДИЕВА Айша Раймжанқызы,

Алматы облысы, Шамалған ауылы,

“Үшқоңыр” орта мектеп-гимназиясының оқушысы

                                                   Сурет: https://images.app.goo.gl/H89y2SrxjmhAEKCE6

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *