Болашағы жарқын жастар легі бүгінгі балалар

Бүкіл әлемде 1 — ші маусым Балаларды қорғау күні  балалар үшін керемет мереке болып аталып өтіледі. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды. Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.

Мерекеге орай жергілікті әкімшілік білім басқармаларымен бірлесіп, балалар арасында естен кетпес мерекелік шаралар ұйымдастыруда. Өнерлі балалардың шығармашылық кештері, спорт жарыстары аталып өтілуде.

Ата – аналар да мерекені ұл – қыздарымен бірге әртүрлі етіп өткізеді. Кейінгі кезде мерекені отбасы болып, арнайы демалыс орындарында атап өту дәсстүрге айналды.

Бүгін Іле Алатау Ұлттық паркі баурайында орналасқан жазғы демалыс орындарына балаларымен мерекені атап өтуге келген ата – аналардың қарасы қалың.

Дүниедегі ең баға жатпес бақыт – балалардың риямыз пәк күлкісі мен алаңсыз шағы.

Еліміздің барша балалары мен жасөспірімдерін Балаларды қорғаудың Халықаралық мерекесімен құттықтап, ашық аспан тілейміз! Олардың болашағы жарқын, жолы айқын болсын дейміз! Бүгінгі біздердің ертеңгі үмітіміз,  әр отбасының шуақ шашқан нұры, келешектің кілтін сеніп тапсырар жалынды жастары аман, дендері сау, ғұмыр жастары ұзық болсын!

FSH