CLIL әдісі негізінде болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 4’C құзыреттерін дамыту

  МЕЛИСОВА М.А.,

Абай атындағы ҚазҰПУ 7М01703-Шетел тілі: екі шетел тілі:

ағылшын-түрік тілі мамандығы 1 курс магистранты.

ҚЫДЫРБАЕВА  Г.Б.

Абай атындағы ҚазҰПУ  PhD, аға оқытушы

Мақсатым: Ағылшын тілін оқытып келе жатқан шәкірттеріме қазақша ойлап, ойын ағылшын тілінде сауатты сөйлеп, жеткізе білуге үйрету. Тіл ережелері мен емлелерін сақтап, сауатты сөйлеу үшін әр оқушы сауатты жаза білуі керек. Оқушыларға ағылшын тілінде қосымша сабақтар беріп, көркем әдебиетті көп оқуды ұсынамын.

Кіріспе: CLIL әдісі негізінде болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің 4’C құзыреттерін дамыту дегеніміз – әр мұғалім өз пәні бойынша кәсіби біліктілігін дамыта отырып, шәкірттерге беретін білім сапасын арттыру. Ағылшын пәнін оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, педагогикалық идеяларды жүзеге асыру. Ағылшын тілін басқа пәндермен кіріктіріп өткізу. Айталық, ағылшын тілі пәнін қазақ тілі мен әдебиеті, география пәндерімен кіріктіріп өткізу арқылы оқушылардың ана тілі мен ағылшын тілі сөздік қорын көбейту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын  пәндерді кіріктіріп, оқушылармен көп сөйлесемін, яғни диалог әдісін көп қолданамын. Меніңше, қазақ тілін жетік меңгерген оқушы шет тілін де тез игереді. Осы тұста ағылшын тілін оқытуда мұғалімнің шеберлігі қажет. Кәсіби шеберлігімді шыңдау мақсатында бакалавр білімімді Абай атындағы қазақ Ұлттық университетінде магистратурада жалғастырудамын.

CLIL әдісі дегеніміз не? деген сұрақты Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2008 жылы шығарған «Мектептердің оқу үрдісінде CLIL-   технологияны қолдану бойынша әдістемелік» ұсынымдар атты еңбекке, басқа да әдістемелік құралдарды басшылыққа ала отырып, сабақ өткіземін. CLIL терминін алғаш рет 1994 жылы Дэвид Маршам ойлап тапқан еді. «CLIL» ағылшын тілінде Content and Language Integrated Learning немесе пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдістемесі, пәндерді екінші не үшінші (қазақ, орыс, не ағылшын) тілде оқыту деп қарастыруға болады. Кейінгі зерттеулерде мынандай анықтама береді: «CLIL-оқушылардың шетел тілінде лингвистикалық және коммуникативтік дағдылардын қалыптастыруға мүмкіндік беретін дидактикалық әдіс».

[1]  CLIL мақсаты:

* Пәнге байланысты оқушыларға жаңа ұғымдар мен идеяларды таныстыру.

* Оқушылардың пән мен тілді қатар меңгеруін қамтамасыз ету.

* Оқушылардың екінші тілде сөйлеу сенімділігін арттыру.

* Сабақта пән мазмұнын алдыңғы қатарға қою.

* Сабақта екінші тіл оқу жоспарына сәйкес оқушылардың қабілетіне орай жоспарлау.

* Оқушылардың түрлі ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар беру.

* Оқушыларды тіл мен пәнді қатар меңгеруі барысында қолдау көрсету.

Принциптері:

  • CLIL біріншіден көптілділікті емес, жалпы білім беруді қамтиды. Сондықтан ол қосымша оқыту ерекшелігі болып табылады.
  • Оқыту  4 «С» аспектісіне сүйене отырып жүргізіледі.
  • Сабақ барысында психологиялық тепе-теңдікті талап етеді.
  • Тақырыпты түсіндіру барысында мұғалім мимика, жест, әр түрлі суреттер, дауыс, т.б. қолдануға болады.

Артықшылықтары:

* Білім алушылар бір-бірімен шет тілінде сөйлесу қабілетін арттырады.

* Оқушылардың мәдениаралық білімін арттырады.

* Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілетін дамытады.

* Білім алушылардың сенімділігін және ынтасын жоғарылатады.

* Шет тілін білу қызығушылығын арттырып, оны әр түрлі жағдайда қолдану маңыздылығын арттырады деп атап көсрсетілген еңбекте. [1]

Бүгінде мектеп оқушыларының даму қабілеті жан-жақты. Ақпарат алуда мәселе жоқ. Десекте, оқушыларға ең алдымен қазақ тілі — Ана тілінде барынша сауатты, көркем, таза сөйлеуге үйрету – әр ұстаздың басты міндеті. Мәселен, қазақ тілі мен ағылшын тілін кіріктіріп өткізу арқылы оқушының екі тілде де сөйлеу қабілеті дамиды. Қазақ тілінде қысқа шығармаларды, шығармадан үзінділерді еркін аударып, мазмұнын айта алады. Сабақта және үй тапсырмасын орындауда әр оқушының Қазақстан мен Англия мемлекеті туралы мағлұматты  көп білгені абзал. Екі ел тарихын, мәдени ескерткіштері мен табиғатын туралы айта келе мемелекеттер арасындағы саяси қарым-қатынас пен ынтымақтастық жайлы әңгімелеймін.

Қазақстан -Ұлыбритания қатынастарына келсек, 1992 жылы 19 қаңтарда ресми түрде орнатылды. Ұлыбритания 1992 жылы қазанда Қазақстанда елшілік ашты, ал Қазақстан 1996 жылы ақпанда Ұлыбританияда елшілік ашты. Екі мемлекет арасында экономика саласында іскерлік байланыстар тұрақты орнаған.

Бұл тұрғыдан алғанда, ағылшын тілі мен география сабағын кіріктіріп өткіземін. Бала не нәрсеге қызығады, сол деректі сабақта максималды түрде пайдалануға тырысамын. Өйткені, жоғарыда айтып өткендей, бүгінгі баланың дүние танымы кең. Себебі, ақпараттық технологияны көп пайдаланады. Осы ретте, оқушының ақпараттық қауіпсіздігі де маңызды. Бұл туралы шәкірттеріме үнемі айтып, сақтандырып отырамын.

[2]  4’C құзыреттерін дамыту- педагогінің кәсіби құзыреттілігін дамыту дегеніміз осы модульді зерделеу барысында тыңдаушылар CLIL оқытудағы жеке күшті және әлсіз жақтарына талдау жүргізеді; CLIL-де мәдениетаралық қарым — қатынас дағдыларын дамытады; CLIL-де өзін-өзі дамыту мен кәсіби рефлексияның практикалық дағдыларын жаттықтырады, сондай-ақ CLIL-оқыту шеңберінде топпен жұмыс істеу және бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын шыңдау мүмкіндігіне ие болады. Тыңдаушылар дөңгелек үстелде білім беру процесінде CLIL технологиясын интеграциялаудың өзекті мәселелері мен мәселелерін талқылауға және осы технологияны енгізу тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алады. (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы). [2]

Аталған қағидаларға сүйене отырып, біліктілігімді арттыруға үнемі уақыт бөліп, үздік тәжірибелерді үйренуге ұмтылудамын. Университеттегі ғылыми

жетекшім Қыдырбаева Гульназ Булатовнамен  ақылдасып, кеңесін алып бір қатар тәжірибе жұмыстарын бірлесіп жасадық. Мектепте бала оқытқан ұстаз білім берудегі озық технологияларды пайдаланып, мүмкіндігінше әр күні өткен тақырыпты оқушының тиянақты меңгергенін қалайды. Оқушыларым ана тілін меңгеруге қызығушылығы қалай артса, ағылшын тілін үйренуге деген ынтасы дәл солай артып келеді. Қазақ тілінде сауатты сөйлеу үшін де, ағылшын тілінде сауатты сөйлеу үшін орта қажет. Оқушылармен орта қалыптастырып, олармен ағылшын тілінде еркін сөйлесе аламыз. Тіл байлығын арттыратын көркем әдебиет, күнделікті сауда орындарында сауда жасау, ақпарат алмасу тақырыптарында орта қалыптастырып сұхбаттасу, подкаст ұйымдастыру әдістері арқылы оқушының қабілетін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеп келемін.

Пайдаланған дереккөзі:

  1. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

2008 жылы шығарған  «Мектептердің оқу үрдісінде

CLIL- технологияны қолдану бойынша әдістемелік» ұсынымдар