Дәл сол сәтте жасөспірім мадақтауды, марапаттауды ойламады
«Бар ойы ебін тауып, көпқабатты үйлердің төртінші қабатындағы балконнан құлауға жақын қалған бүлдіршіннің жерге құлап кетпей тұрып, құтқарып қалу болды. Салбырап тұрған сәбиді құтқарғанда, бір баланың өмірін құтқарып қалғанына қуанды. Ерлік жасадым деу ойына кіріп те шықпады. Алайда, 14 жасар Ақанның осыбір азаматтығы, қырағылығы лайықты бағасын алды», — деп хабарлайды farabishakirti.kz Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Елордадағы № 31 мектеп-гимназия оқушысының азаматтық борышына адал қарағанын, байқампаздығын, өзгенің өміріне бей-жай қарамайтындығын
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек арнайы Ақан мен оның отбасын арнайы қабылдап, алғыс айтып, ақшалай сыйақы берді. Ақанға планшет және ақшалай сыйақы беріп, болашақта оқуға түсуіне де көмектесетінін жеткізді.
Ақан Әкімжанов, оқушы:
Біз аулада отырғанда балалар шулай бастады. Кейін маған келіп жоғарыдан бала құлайын деп, салбырап тұр деді. Мен дереу үйге қарай жүгірдім. Лифт бірден ашылды. Мен сыртқа шығып, баланы қолынан ұстап, жоғарға қарай көтеріп алдым. Қатты қорқып қалғанын көріп, сабырға шақырдым. Кейін анасын іздеп, қолына табыстадым.
Ақанның ата-анасы әскери адамдар. Отбасында бес бала бар.
Зухра Әкімжанова, Ақанның анасы:
Біреудің баласы, егер Ақан қолынан ұстап қалмағанда не болатын еді деп қорықтым. Жарты түн Ақан екеуіміз ұйықтай алмадық. Мен Ақанды білемін мінезі тұйық болса да, көмекке тез шығатын бала. Оқиға барысын Ақанның ұстаздары мен сыныптастары әлеуметтік желіден білген. Мұғалімдерінің айтуынша, оқушының бұл ерлігі, сөзсіз басқа балаларға үлгі болады.
Бақытнұр Жақұпова, № 31 мектеп-гимназияның оқу ісі бойынша меңгерушісі:
Ол үлкенге де, кішіге де әрекеттерінен байқаймыз кішіпейіл. Біреу көңілсіз болса тым болмаса сол баламен сөйлесіп отыруға дайын. Жалпы өз-өзін ұстамды ұстайтын, ойы зерек және адам баласына қайырымдылықты ұмытпайтын оқушымыз. Оған кез келген пән жеңіл беріледі, сабақта қиыншылық жоқ.
Ақмаржан Ғафизқызы
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы
Суреттер Астана қаласы әкімінің
фейсбук парақшасынан алынды.