Дарынды бала дара бала оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру

Білім беру жүйесінің басты мақсаты — ұлттық және азаматтық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуынақажетті жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді  дамыту.

Отандық педагогика мен психологияда ерекше жаңа шешімдерге әкелетін «шығармашылық» термині көп қолданылған. Шетел психологиясында шығармашылықтың қалыптасуына ықпал ететін тұлғалық және ойлау қасиеттерінің жиынтығы «креативтілік» терминімен белгілі.

Көптеген ғалымдар әр баланың  туа біткен шығармашылық мүмкіндіктері бар, ол креативтілікті дамыту тек шығармашылық әрекетте жүзеге асады деген пікірде болды. Мектеп білім беру әдістерін қолданып, танымдық процесті ұйымдастыру тәсілдері арқылы баланың креативтілігін дамытуды көздейді. Креативтілік туралы айтқанда шығармашылық ойлау ғана емес, тұлғаның қасиеті мен дамуы да ескерілуі керек.

Қазіргі білім беру тұжырымдамасының бағытының өзгергеніне қарамастан, мектептерде оқу бағдарламасын оқушы тұлғасынан жоғары қою әлі күнге дейін кездеседі.

Философия мен психологияда  «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда негізгі төрт бағыт айқындалады:

  • креативтілік — шығармашылық процесс;
  • креативтілік — жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнімі;
  • креативтілік — интеллектуалдылық немесе шығармашылық қабілет;
  • креативтілік — тұлғалық категория, мінез — құлық ерекшелігі.

Осы төрт бағыт өзара байланысты: креативті тұлға креативті процеспен айналыса отырып, креативті нәтиже береді.

Оқу мен тәрбие процесін басқару тек қана оқушыларға белгілі бір білім жүйесін меңгертіп қана қоймайды, сонымен қатар ол тұлға шығармашылық әрекет дағдысын меңгеретін процестің әрекет формасын ұйымдастыруды да көздейді. Әрекетті басқару объектісі креативті білім берумен тәрбиелеу процесі. Шығармашылық процесті тікелей қадағалау үнемі көзделген мақсатқа жеткізе бермейтінін тәжірибелер көрсетті.

Дарынды оқушылардың креативтілігін дамытуда бір — бірімен тығыз байланысты болатын төмендегідей қағидаларды айқындауға болады:

  • дарынды оқушының жеке психологиялық ерекшелігін ескерту;
  • оқу процесіне оқушының танымдық әрекетінің басым болуы;
  • дарынды оқушылардың ішкі сезімдерінің, яғни, оқуға деген жағымды көзқарасының оянуын белсендіруге бағытталған іс — әрекеттерді ұйымдастыру;
  • сабақта оқу тәрбие құралдарының, формаларының, әдістерінің нақты бір мақсатқа бағытталып, түрленіп отырылуы.

Осы қағидалардың жүзеге асырылуы оқушының даму деңгейінің өсіп, ой еңбегін өзіндік ұйымдастыра білуіне жетелейді.Дарынды оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеу үшін қиын кезең екеніне қарамастан балалардың бойына жауапкершілік сезімін сіңіру керек. Олардышығармашылыққа бағыттап, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге дағдыландыру керек. Ол үшін:

  • біріншіден, мұғалім өзінің нинновациялық іс – әрекетін жетілдіруі;
  • екіншіден, оқытудың озық технологияларын меңгеруі;
  • үшіншіден, құрал – жабдықтар мен ақпараттық технологияларды қолдануда өзгерістер енгізу;
  • төртіншіден, оқушыларға жеткізілетін оқу материалдарының мазмұны мен түр сипатын өзгертуі керек деп білеміз.

Айтылған қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіре білу үшін оқушы  креативтілігін дамытудың мазмұнын, формасын, әдіс  — тәсілдерін анықтау қажет.

Шығармашылыққа бағыттау кезінде көңіл күйге түрткі болатындай жағдайды туғызу керек. Ол психологиялық әсер шығармашылық процесс кезінде оқушыны шығармашылыққа құлшындырады. Оқушының жетістігін мадақтап, көтермелеп, мұғалім тарапынан құптаушылық көзқарастың болуы баланың еркін билеп, сенімін ұялатады. Оқушылардың креативтілігін дамыту жолдарын қарастыра отырып, педагогикалық тұрғыда жаңа технологияларды пайдалана отырып білім берген жағдайда ғана дарынды оқушылардың қабілетін қалыптастыра аламыз.

 

 

  С. ОСПАНОВ,

                     Шымкент қаласы №2 дарынды балаларға арналған

мектеп директорының орынбасары.