«Экология – ел тағдыры»
Шыңғыс АЙТМАТОВ:
«Адам рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады да, өзін жалпы жаратылыстың бір пұшпағы ретінде сезіне білді.
Су мен жер туралы ой – бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.
Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр».
Біздің мемлекетімізге ғана емес, планетамызға қауіп төндіріп тұрған экологиялық ахуал – болашақтың жастары біздерді де алаңадтпай қоймайды. Экологияның ластану себебі — ең алдымен адам денсаулығына зиян. Бұл – ұрпақ саулығына кері әсер етеді деген сөз. Сондықтан, әлем елдерінің экологтары бас қосып, мәселені реттеуді қарастыруда. Келелі мәселенің оң шешімін табуына әр адам, отбасы, оның мүшелері табиғаттың жасыл желегін сақтап қалуға ұмтылуы керек. Қоршаған ортаның ластануына ең алдымен адамзат баласы жауапты деп ойлаймын.
Айталық, күнделікті тұрмыста қолданылатын целофан қалталар, пластик бөтелкелер Алматы қаласының арықтарында қаптап жатады. Ауа райының қолайсыз күндері, жаңбыр жауғанда, қар суы ерігенде арықтар тек осы екі затпен ғана толып, су көшелерге жайылып жатады. Қаламыздың барлық көшелерінде, демалыс орындарында, парктерде арнайы қоқыш жәшіктері орнатылғанына қарамастан, тазалық сақтауға аса мән берілмейді. Ал, ауылдық жерлерде адамдар, балалар мен жастар өзінің тұратын мекенінің тазалығын сақтамайтындығы туралы жиі мәселе көтеріледі.
Эколог ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, қоршаған ортамыздың ауасының нашарлауына тікелей адамдардың қатысуымен болатын бірнеше факторларды: қоршаған табиғи ортаның ластануы. Ластаушы заттардың атмосфералық ауаға шығарылуы. Су ресурстарының ластануы. Химиялық ластану. Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері екенін атап айтады. Ең қауіптісі – Арал теңізінің акваториясының қысқаруы және тұздану дәрежесі жоғары жаңа шөлді аумақтардың түзілуіне байланысты оның табанының жалаңаштануы, бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының қалдықтары, Каспий теңізі шельфінің ресурстарын қарқынды түрде игеру арқылы теңіз және жағалаулық экожүйелерге әсер ету, орман алқабының азаюы, соған орай аң-құстардың жойылу туралы естігенімде, үнсіз қалмай балалар мен жасөспірімдерді экологиямызға жанашыр болуға шақыруға ниеттендім.
Еіміздің төрт атырабын қоршаған жасыл ормандарымыздың аумағы – өрттің салдарынан күлге айналуда. Табиғи және адами фактор болуы қажеттігін ресми орындар тексеруде. Биыл жаз айының ыстық аптабы басталмай жатып, Семей ормандары, Қостанай өңірі, Астананың айналасында болған өрттің өшуі бірнеше күнге созылуда. Автокөліктер санының көбеюіне байланысты одан атмосфераға тарайтын улы газдарды алмастыратын жасыл отын көздері қарастырылуда. Жыл өткен сайын орман қорының азаюы, алма бақтар алқабының кемуі, табиғи жайылымдардың деградацияға ұшырауы – экологиялық апатқа апаратын күрделі мәселенің бірі.
Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология.3] Әлеуметтік экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын «табиғат — адам — қоғам» жүйесі негізінде; Өнеркәсіптік экология — өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін; геоэкология — жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын; Ауыл шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін; Ғаламдық экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алуды зерттейді.
Арнайы ақпараттармен танысқанымда, елімізде экология мәселесін терең зерттейтін кәсіби мамандардың аздығы айтылады. Елінің табиғатын қорғап, экологиясын сақтап қалуды алдағы уақытта мектеп оқушылары да қатты ойлануы қажет. Яғни, эколог мамандығын таңдап, ел үшін қызмет етуге бел байлап, табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына, табиғи факторладырдың алдын алуға білімін, біліктілігін жұмсайтын жастар қатары көбейетініне сенемін.
КУСАИНОВА Айгерім Мүхитқызы,
Алматы қаласы, «Ы.Алтынсарин»
атындағы №159 — гимназияның 11-сынып оқушысы
Дереккөзі: 3] «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы.
Сурет:gov.kz