Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Zakon.kz.

     ҚР БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. «Онлайн-оқу» білім алудың жаңа форматына айналады. Елімізде алғашқы онлайн-университеттер ашылады.ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев 

Сонымен қатар Білім және ғылым вице-министрі жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артатынын айтты. Олардың 60%-ы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді.

     Қуаныш Ерғалиев «Болашақ» бағдарламасын қайта қарастыру бойынша жұмыстың басталғанын да айтты.