Ертегі баланы есейтеді
Бала — болашақтың жалғасы. Ал, осы балаларға дұрыс тәрбие беріліп жатыр ма? Көбінесе баланың тәртібіне жиі қарайды. Дегенмен де, бала тек қатал тәртіпке негізделген тұлға емес, мәдениет пен руханиятқа толған адам болып қалыптасуы керек. Яғни, “Тәрбие-тал бесіктен басталады”-деп бекер айтпаған. Ал, сол тәрбиені менің ойымша ертегіден бастаған жөн.
Ертегі- ежелден келе жатқан өтірік-шыны аралас, ойдан құрастырылып айтылатын оқиға. Ертегілерді 3 түрге жіктейміз:
- Қиял-ғажайып ертегілер
- Шыншыл ертегілер
- Жан-жануар ертегісі.
Ертегілерді көбінесе баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру, ойлау деңгейін жақсарту мақсатында айтады. Кезінде ата-әжелер немерелеріне ертегі айтып, ертегімен ұйықтатқан. Көпке топырақ шашпаймыз, дегенмен де, қазір көп ата-әжелер ертегі айтпақ түгілі, немересінің қасына отырып әңгіме айтып, тілдесуге уақыт таппайды. Бәлки, бұл да заман талапына қарай шығар. Бірақ, осы туралы Бауыржан атамыз:«Мен үш нәрседен қорқамын: бірінші — баласына бесік жырын айтпаған анадан, екіншісі -немересіне ертегі айтпаған әжеден, үшінші — бір-бірімен қазақша сөйлеспеген қазақтардан»-деп өзінің 3 қорқатын дүниесінің ішіне енгізген. Сондықтан ертегімен өскен бала рухы биік, ойлау деңгейі жоғары, мәдениетті болары сөзсіз. Ертегі айтуды ата-әжелер күнделікті әдетке айналдырса ұлдарымыз-батырлардай қаһарман һәм ержүрек, қыздарымыз-ханшалардай қылықты һәм инабатты болып өспек. Балалардың болашағы ең алдымен өзімізжен басталады.
КОПТЛЕУОВА Гульшат Доскеновна,
Абай атындағы РММИ-дің
10 сынып оқушысы.
«Ділмар» үйірмесінің мүшесі.
Сурет:green-apple.kz