Есімі естен кетпес Алаш арулары

Қазақтың кең байтақ даласын, тілін, діні мен адамгершілігін сақтап, елдің көзін ашып, оларды оятқан, сауатын ашуға негіз болғандардың бірі емес, алғашқыларының бірі – Алаш зиялы қайраткерлері. «Алаш», яки «Алаш Орда» деген кезде ойымызға келетіндер – Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған тұлғаларымыздың Отанына, еліне, ұлтқа еткен қызметі турлы мәліметтерді жиі оқимыз. Ел басына күн туғанда ерлермен бір сапта жүріп, мамандығы бойынша еткен қалтқысыз еңбек еткен арулар бүгінгі бізге ұран іспетті.

Алаш арулары дегенде ең алдымен  Нәзипа Құлжанова, Ғайнижамал Дулатова, Аққағаз Досжанова және Гүлсім Асфендиярованың есімі аталады.

Нәзипа Құлжанова – қазақтан шыққан тұңғыш әйел журналист. Патша үкіметі уақытында, мемлекеттік деңгейге дейін әйелдер құқығын қорғап қана қоймай, олардың тең құқықты екенін көрсетіп, білім алу мүмкіндігіне қол жеткізе алатынын дәлелдеген. Ғайнижамал Дулатова – қазақтың көзін ашып, қазақты оятқан Міржақып Дулатұлының жан жары. Кеңес үкіметі уақытында «Алаш»  аты жойылып бара жатқанда, құжаттар, хаттар мен естеліктерді аман алып қалған. Ғайнижамал Дулатованың арқасында біз «Алаш Орда» жайлы көптеген деректерді білеміз.

Ал Аққағаз Досжанова мен Гүлсім Асфендияроваға келер болсақ, олар қазақтан шыққан тұңғыш әйел дәрігерлері. Емдеуге медбикелер жетіспеген кезде, екеуі бірігіп медбикелер курсын ашқан болатын.

Алаш арулары тек осы төрт әйелмен ғана шектелмейді. «Алаш аруы» – бүкіл қазақ елінің дамуына үлес қосып, еңбек сіңіріп, қасық қаны қалғанша елін қорғаған әрбір әйел адамның екінші есімі десем, еш қателеспеймін. Олардың тарихтағы  есімі орны да, сіңірген еңбектері де жадымыздан өшпейді, ешқашанда  өлмейді…

ҚҰРМАШ Жайна,

Алматы қаласы, Медеу ауданының

 172 мектеп — гимназиясының 11 сынып оқушысы.

Сурет: https://adebiportal.kz/;https://vk.com/;

https://ru.wikipedia.org/wiki/ ; https://aikyn.kz/