Ғибратын көңілге тоқиық!

 Биылғы жылдың ақпан айының 7 ші жарығында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы N 1Азат орта мектебіне «Farabi shakirti» журналының бас редакторы Кучукова Жанастан Тұрсынқызымен кездесу өтті.

  Кездесудің басты мақсаты-дарынды балалардың өз ой — пікірлерін, ғылыми бағыттағы жаңа идеяларын еркін айтып, ортаға салып, нақты ұсыныстар беретін,қазақтың төл әдебиетіне жақын, шығармашылықпен шыңдалатын, өркендеудің өрісінде жүрген өрескел ұрпаққа өнеге болып, бағыт бағдар беретін, трибунаға айналған, ғылыммен шұғылданатын жастарға үлкен көмекші болатын«Фараби шәкірті»журналымен толыққанды таныс болу.
  Кездесу барысында әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы тұлға Әл Фарабидің тарихымен таныс бола отыра, ерең еңбектері жайында сөз қозғалып,оқушылар мен журналист арасында өзара пікір алмасулар орын алды. Қабілетті де ынталы, талапшыл, қазақтың төл әдебиетіне жақын, шығармашылықпен шыңдалатын, оқушылардың өлең оқу шеберліктерінің куәсі болды.

   Журналға жіберілетін мақалалар мен өлең, шығармалардың қай  бағытта жазылатынын аңғара отыра, оқырман назарына ұсынғанша,қандай зерттеулер, сараптаулар нәтижесінен өтетіндігін тереңінен түсіндік. Журналист болашақта өздерін тіл өкілінің саласынан немесе журналистік бағыттан көргісі келетін жандарға құнды кеңестерімен бөлісті. Сөз соңында:Мектебімізде өткізіліп жатқан әрбір іс шаралар мен жиындарға қарап, дарынды да қабылетті оқушылардың білім нәрімен сусындалып жатқандығын сеземін. Ал олардың дамып, өркендеуіне, рухани көзқарастарын қалыптастырып, жаңа жетістіктердің жаршысы болуына зор үлесін қосатын тарихи танымы мол тұлғалармен жүргізілетін сырға толы сұхбаттар,жарқын жүздесулер деп ойлаймын, -деді мектепкітапханашысы Ұлжан Уксиханқызы.

                                                        Дилназ МУХАМЕДОВА,

                                                                             «FSH» жас тілшісі.

                                                                              Алматы облысы.