«Интернет және жеке өмірдің құпиялығы»

      «Интернет ешқашан ұмытпайды,   

сондықтан ақылмен бөлісуді үйреніңіз.» 

Эрик Шмидт

Интернет – қазіргі замандағы ең мықты құралдардың бірі. Оның мүмкіндіктері шексіз. Әлеуметтік желілердің, мысалы, Instagram, Facebook, ВКонтакте сияқты платформалардың көмегімен адамдарды табу, ақпарат алу, хабарласу өте оңай. Бірақ интернеттегі белсенділік жеке өмірдің құпиялығына әсер етуі мүмкін. Бүгінде көп адамдар күнделікті өмірін интернетте жариялап отырады: қайда барғанын, не істегенін, кіммен болғанын көрсетеді. Бұл – бір жағынан, жақындарымен бөлісу, байланыста болу мүмкіндігі. Бірақ екінші жағынан, мұндай әрекеттер қауіп тудыруы мүмкін. Мысалы, адамның нақты орналасқан жерін біліп, оны аңдып, тіпті зиян келтіруге тырысатындар да жоқ емес.

Желідегі жеке ақпаратты сақтау қиын болып барады. Адамдар өздері туралы көп ақпаратты өз еркімен таратады, ал кейде бұл ақпарат басқа адамдардың келісімінсіз жарияланады. Біреудің суретін оның рұқсатынсыз салу заңсыз болып есептеледі. Қазақстанда мұндай жағдайлар «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңмен реттеледі. Басқа адамның жеке өміріне қол сұғу, оның келісімінсіз суреттерін немесе жеке ақпаратын жариялау заңға қайшы келеді және айыппұл салынуы әбден мүмкін. Жеке өмірдің құпиялылығы қазіргі таңда аса өзекті мәселе болып отыр. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат, фотосуреттер мен бейнематериалдар пайдаланушының өмірі туралы көп мәлімет беріп қана қоймай, кейде оның қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі  алаяқтар немесе қаскөйлер алатын болсақ, олар осындай мәліметтерді өз мүддесіне пайдалануы ықтимал. Бұған қоса, интернетте таралған жалған ақпараттар мен фишинг сияқты қауіптер де жеке мәліметтерді ұрлауға әкеліп соғуы мүмкін.

Салынған яғни жарияланған кез келген ақпарат – ол мәңгілік. Біз өшірдік деп ойлаған мәліметтер де кейбір серверлерде сақталып қалуы мүмкін. Мысалы, сіз бұрынғы бір жазбаңызды немесе фотосуретіңізді өшірсеңіз де, оны басқа біреу сақтап алуы немесе тіпті қайта жариялауы мүмкін. Бұл жеке өмірге қатысты мәліметтерді бақылауды қиындатады. Көптеген адамдар интернетте өздері туралы қажетсіз мәліметтерді бөліседі: мекенжайы, жұмыс орны, туыстары, орналасқан жері сияқты деректер. Мұның бәрі жеке өмірдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Әлеуметтік  желілердегі белсенділік кейде адам өміріне нақты қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, біреудің қайда жүргенін, не істеп жатқанын нақты уақыт режимінде жариялауы ұрыларға немесе қаскүнемдерге пайдалы ақпарат береді. «Мен қазір демалыста жүрмін» деп жариялау – сіздің үйіңізде ешкім жоқ екенін аңғартуы мүмкін. Сол сияқты балалардың немесе отбасылық суреттерді жиі жариялау да зиянкестердің назарын аударуы мүмкін. Жалпы ғаламтор, желі, әртүрлі қосымшалар — шексіз ақпарат алаңы. Оның мүмкіндіктері арқылы адамдар өздері туралы немесе басқа біреу жайлы ақпаратты оңай тауып алады. Мысалы, егер сіз өз атыңызды немесе басқа деректерді Google-ге енгізсеңіз, сіз туралы әртүрлі мәліметтер шығып қалуы мүмкін. Бұл әлеуметтік желідегі парақшаңыз, сіз қатысқан іс-шаралар, жарияланған материалдар, тіпті мемлекеттік немесе ресми сайттардағы ақпараттар болуы мүмкін. Бұның әрине жақсы жақтары да бар, тіпті бір жағынан пайдалы, себебі бұл технологиялар байланыс орнатуға, қажет ақпаратты жылдам табуға көмектеседі. Бірақ жеке өмірге қатысты ақпараттың интернетте жария болуы көптеген сұрақтар тудырады. Өз атыңызды іздегенде, әлеуметтік желілердегі парақшаларыңыз, фотоларыңыз немесе пікірлеріңіз көрінуі мүмкін. Егер сіз осы мәліметтерді еркін түрде жариялаған болсаңыз, бұл сіздің өз еркіңіз. Бірақ кейде сіздің рұқсатыңызсыз тараған ақпараттар да шығып кетуі мүмкін.

Адамдар жалпы интернет, ғаламторды тек жаман жақтарынан ғана таңып қалған деп ойлаймын. Бірақ бұл қате түсінік, себебі интернеттің пайдалы жақтары да өте көп. Мысалы, адамдарды табу, білім алу, жұмысқа орналасу, жаңа дағдыларды үйрену сияқты мүмкіндіктерді ұсынады. Қазіргі заманда кез келген ақпаратты бірнеше секунд ішінде табуға болады, бұл әсіресе уақыт үнемдеу тұрғысынан маңызды. Сонымен  қатар, интернет бизнес пен шығармашылыққа арналған үлкен алаң болып табылады. Онлайн курстар, вебинарлар, блогтар және электрондық коммерция арқылы адамдар өз кәсібін дамытып, табыс таба алады. Мысалы, өз кәсібін енді бастаған шағын кәсіпкерлер интернет арқылы өнімдерін жарнамалап, тұтынушыларды оңай таба алады. Әлеуметтік желілерде жарнама жасау, интернет-дүкен ашу немесе онлайн қызметтер ұсыну – қазіргі заманда табыс табудың негізгі жолдарының бірі. Білім  алу саласында да интернеттің пайдасы зор. Онлайн курстар арқылы тіл үйрену, бағдарламалау, графикалық дизайн, маркетинг сияқты әртүрлі салаларды меңгеруге болады. Қашықтан оқыту жүйесі арқылы әлемнің кез келген жерінен білім алу мүмкіндігі ашылды. Оқушылар мен студенттер қажетті материалдарды оңай тауып, мұғалімдермен байланыс орната алады. Интернет шығармашылық адамдар үшін де керемет мүмкіндік береді. Олар өз туындыларын жариялап, кең аудиторияға көрсете алады. Мысалы, музыканттар өз әндерін жүктеп, тыңдармандарды жинаса, суретшілер мен дизайнерлер өз портфолиосын жасап, клиенттер таба алады. Бұл шығармашылықты тек хобби ретінде емес, табыс көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, интернет адамдарға әлемдегі жаңалықтардан хабардар болуға көмектеседі. Жылдам ақпарат алмасу арқылы олар экономика, саясат, мәдениет және ғылым саласындағы ең соңғы өзгерістерді біліп отырады. Қазіргі таңда жаңалықтарды оқуға немесе көруге арналған сансыз сайттар мен қосымшалар бар. Интернет денсаулық сақтау саласында да үлкен рөл атқарады. Онлайн дәрігерлермен кеңесу, денсаулық туралы ақпарат алу немесе арнайы қосымшалар арқылы спортпен айналысу жоспарларын жасауға болады. Мысалы, кейбір қосымшалар жүрек соғысын бақылап, физикалық белсенділікті есептейді, бұл адамдардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі.

Осы заманда интернет пен әлеуметтік желілердің кең таралуы жеке өмірдің құпиялығын сақтау мәселесін қиындатып отыр. Адамдар өздері туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жиі бөліседі: фотосуреттер, видеолар, орналасқан жері, жеке байланыстары сияқты мәліметтер еркін қолжетімді болуда. Бұл жеке деректерді құпия сақтауды қиындатады.

Көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда, жеке деректерді қорғау туралы арнайы заңдар бар. Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңы жеке ақпаратты рұқсатсыз қолдануға тыйым салады. Бұл заң адамның жеке деректерін, соның ішінде фотосуреттерін немесе бейнематериалдарын оның келісімінсіз жариялауға немесе пайдалануға жол бермейді. Біреудің  рұқсатынсыз фотосын немесе жеке мәліметтерін жариялау заңсыз болып есептеледі және ол үшін жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Заңға сәйкес, бұл әрекеттер үшін айыппұл салынуы немесе заңды түрде талап қоюға негіз болуы ықтимал. Халықаралық  деңгейде де осындай құқықтық нормалар бар. Қазіргі  ақпараттық заманда адам өз деректерін барынша сақтап, интернеттегі әрекеттеріне мұқият болуы керек. Басқа адамдардың жеке деректерін немесе фотосуреттерін жариялар алдында міндетті түрде рұқсат сұрау – заңды талап қана емес, этикалық міндет. Әрине, жеке деректердің құпиялығы өте маңызды, бірақ біз кейде әлеуметтік желілерде немесе басқа да интернет алаңдарында бұл мәселеге көңіл бөлмей қаламыз. Адамдар  өздерінің немесе өзгелердің суреттерін бөліседі, бірақ көп жағдайда сол суретті жариялау үшін алдымен рұқсат алу қажет екенін ұмытып кетеді. Бұл жағдай адамдардың құқықтарын бұзуына әкелуі мүмкін. Сондықтан, біз өзіміздің деректерімізді сақтауға және басқалардың құқығын қорғауға міндеттіміз. Әрине, бұл бәрімізге ыңғайсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ интернетті дұрыс пайдалану – өзіміздің де, басқалардың да құқықтарын құрметтеу деген сөз. Жеке мәліметтерді рұқсатсыз жариялау, әсіресе фотосуреттер мен бейнемазмұнды, заң бұзушылық болып табылады. Ол үшін жауапкершілік бар және бұл тек құқықтық тұрғыдан ғана емес, этикалық жағынан да дұрыс емес. Сондықтан интернетте белсенді бола отырып, өзіміздің және басқалардың жеке өміріне құрметпен қарауымыз қажет.

Қорытындай келе, интернет пен әлеуметтік желілердің кең таралуы адамның жеке өміріне көптеген жаңа мүмкіндіктер мен қауіптер тудырды. Бір жағынан, бұл платформа адамдарға әлеммен байланысу, ақпарат алу, білім алу және шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызды құрал болып табылады. Бірақ, екінші жағынан, жеке деректердің ашықтығы мен желідегі белсенділік адамның қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Әлеуметтік желілерде жарияланған мәліметтер, фотосуреттер және бейнемазмұндар адамдардың жеке өміріне елеулі әсер етуі мүмкін, тіпті оларды зиянкестер мен алаяқтар пайдалануы ықтимал. Сонымен қатар, интернеттегі ақпараттың өшірілгенімен сақталуы, рұқсатсыз таралуы және жеке деректердің қорғалуы мәселелері де өте маңызды. Ескеретін жағдайларда әр адамның жауапкершілігі зор. Жеке мәліметтерді жариялағанда, біз өзіміздің және басқалардың құқықтарын құрметтеуіміз қажет. Заңдар мен этикалық нормаларды сақтау, адамдардың жеке өмірін қорғау мақсатында интернетті дұрыс пайдалану өте маңызды. Сондықтан, жеке деректерді рұқсатсыз жариялау заң бұзушылық болып табылып, біз өзіміздің және басқалардың қауіпсіздігі мен құқығын сақтауымыз керек.

                                                                                                     ТЕМІРХАН Арайлым,

9 «E» сынып оқушысы.

Жетекшісі: СИСЕКЕШЕВА А.М.

№42 «Ақ ниeт» гимназиясының таpих жәнe құқық

пәндepінің мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы.

Сурет:ALFA.KZ