Ізімізден ерген шәкірттеріміз
Әдетте, шәкірт десе, тек мектепте оқитын оқушылар деп ұғамыз. Иә, негізгі шәкірт мектепте, жасөспірімдерге ұлағатты ұстаздар білім беріп тәрбиелейді. Әйтседе, әр мамандық иесінің өз шәкірті болады. Мейлі ол – жоғары білімді маман болсын, мейлі, сол мамандықты таңдаған мектеп түлегі болсын өз саласындағы білікті мамандық иелерінің шәкірті болып есептеледі.
Бүгінгі тұлғалар сөзіне ден қойсаңыз, өздеріне өткен ғасырда өтіп кеткен танымал жандар ұстазы болып, бірегей жандардың шәкірті болғанын мақтанышпен айтып, олардың елге, жерге деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы адалдығын ұзақ әңгімелеп, біздерге өнегесін аңыз етіп айтады. Кейінгі толқын алдыңғы аға – апаларымыздың ізгілікті істерінен үйреніп, біз де шәкірт тәрбиелеп келеміз.
Алматы қаласы Абай атындығы Республикалық мамандандырылған мектеп – интернатының 11 – сынып оқушысы Сатыбалды Диас біздің биылғы жылғы ең үздік шәкірттеріміздің бірі болды. Журналист мамандығын таңдап, мақалалар жазып, машықтанып келеді. Ізденеді. Тақырыптары жан — жақты. Ана тілі, театр, туған өлке тақырыптары жанына жақын. Сайтымызда жарияланған мақалаларын бағалап «Farabi shakirti» журналы мен farabishakirti.kz cайтының «Жас тілші» қатарына қостық.
Диасқа мектепті үздік бітіріп, қалаған жоғары оқу орнының студенті бол! Таңдаған мамандығыңның мәшһүр иесі атана біл демекпіз.
Алматы қаласы Абай атындығы Республикалық мамандандырылған мектеп – интернаты
директорының оқу – ісі жөніндегі орынбасары
Әлімбек Балым Алмасбекқызы мен 11 – сынып оқушысы Сатыбалды Диас
«FSH»