Әйгілі Ақыртас қамалын салдырған кім?

Ақыртас қамалын салдырған халқымыздың

дарынды дара тұлғасы — Елжау би.

 

Ақыртас – Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында, Тараздан 40 шақырым шығысында тау бөктерінде орналасқан сарай кешені.  Тұла бойы тұтас жұмбақ аумағы 2,5 гектар жерге орналасқан 70-ке жуық бөлмелері бар, 15 колонна галереясы, ортада жарты гектар ашық алаңы бар, сырт қабырғаларының ені – 5 метр, 2 метр тереңдікте қазып орнатылған, ірге тасы ірі тас блоктармен қаланған құрылыс нысанының қазіргі сұлық жатқан сұсты көрінісі тап солай.

VIII-IX ғасырларда салынған  Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді.  Қазіргі кезде онда археологиялық жұмыстар жүргізілуде. Ұлан-ғайыр өлкеміздің мақтанышы алып Ақыртас құрылысы, жалпы қазақ мақтанышы, дана бабаларымыздың маңдай-тері, ақыл-ойы, бүгін бізге жеткен таспен өрілген баға жетпес, өшпес мұрасы, құрылыс сәулет өнерінің тендесі жоқ ескерткіш үлгісі.

Елжау  би мен оның балаларының арасында таққа таласу Елжаудың көзінің тірісінде-ақ басталған болатын. Елжау бидің тақ мұрагері бола алмағанына наразы болған екінші баласы Дулы  (Дуғлы) бүлік шығарып, Жөнші биді өлтіріп тастауға сұқтанады.Бұл жайды байқаған Күнму Елжау Дулының өлтіріп тастауынан қауіптеніп, он мың әскермен Жөнші биді бөлек ұстайды. Елжау 10 мың әскерімен өзін қорғап ортада тұрды. Сонымен үйсін елі өз ішінен үш ұлысқа бөлінеді. Бірақ барлығы Күнмуге (Күнбиге) бағынады. (Хан патшалығы тарихы, Батыс өңір шежіресі, Қазақтың көне тарихы, Алматы, 1993 жыл, 68 бет).

Елжау бидің қайткенде де бұл қамалды тезірек аяқтап тақ мұрагері Жөнші биге барлық байлықтарын қоса тапсырып, сырт жаудан берік, алынбас қамалмен бекемдеп, кетуге асық, оның қаупі Дулы (Дуғлы) бидің әкеге деген тақ жөніндегі наразылығы. Осыны ескерген Елжау биге Ақыртас қамалы тез аяқталуы қажет еді. Қанша асыққанмен сенім артқан адам күшімен қаржы молдығы құрылыстың тым қиындығына байланысты тез аяқтауға шамасы келмеді.

Бүткіл Қазақ рухын, кезінде төңірегіне тұтас мойындатқан, дарынды дара тұлға Елжау би Ақыртас құрылысын аяқтауды үлгермеді. Елжау бидің қайтыс болуына байланысты, басталған істі соңына дейін жекізуге Жөнші бидің де мүмкіндігі болмады. Көп кешікпей басталған жобаны жүзеге асыра алмай,  шамада б.з.б 103 жылы дүниеден ол ерте қайтты.

Елжау бидің басты арманы, үйсіндердің батыстағы мықты бекініс үшінші орталығы алып Ақыртасты аяқтаудың енді ешкімге қажеті болмай қалды.  Ақыртастың құрылысына белсене қатысқан біздің дәуіріміздің басында өмір сүрген жергілікті үйсіндер ұрпақтары. Ақыртас-1 қорымы мен Ақыртас-2 қорымында жерленгендер б.з.д. 3 ғасырмен б.з. 3 ғасыр аралығы. (Байпаков,Алматы, 2010ж, 176 бет.)

Қалмақан ШЕКЕЕВ, тарих зерттеушісі.

Тараз қаласы.

qazaquni.kz