Көңілге қарау

Адам көңілі — әйнектен де тез сынғыш, мақтадан да жұмсақ, кейде тастан да қатты болады. Сол бірде тас, бірде жұмсақ көңілді көп адам күйретіп жатады. Бұл өмір адамға біреу не дейді екен, немесе біреуге не істейсің, не деп ренжітесің деп берілмейді. Өзің жеке тұлға болған соң, өз бетіңше өмір сүруің керек.

Қазіргі заманда көңіл деген ұғым жарамсыз заттан да бағасыз болып бара жатқаны адамды қынжылтады. Бірақ көңілдің нағыз бағасын білген адам өлгенінше мәпелеп өтері анық. Әйтсе де, бұл күні көңілге қарап сөйлейтін адам аз-ау. Күніне қаншама адамның көңілі түсіп, өмірі қиылып, үміті сөнеді екен. Осындай көңілге қарамайтын адамдарға айтарым: «Біреу сенің көңіліңе қарап, сыйлап сөйлеу үшін, сен басқаның көңілін өзіңнен биік ұстауың керек».

Бірақ бұндайларға аса мән берудің түкке де қажеті жоқ. Себебі шын ниеті таза адам таудан аққан ағынды мөлдір өзен: сол өзенге қанша адам тас атса да, түк етпейді, арнасы жабылып қалмайды.

Бұйырса, болашақта сондай адамдар лайым жоқ болсын, болса да, бәрі бақытты болсыншы әйтеуір.

 АХМЕТ  Болат  Қанатұлы

Абай Ұлттық  мектебі 11 «В» сынып оқушысы.

Жетекшісі: Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы

Алматы

Сурет:https://ru.pinterest.com