Әке
Асқарым бар өте биік Әке деген,
Кеше ғана бала едім Әкелеген.
Үлгі тұтар тұлғаң кім деп сұраса,
Ойланбастан сол сәтте «Әке» дер ем.
Әке деген көк аспан ғой сабырлы,
Сол мінезбен көркем әрі қадірлі.
Әке деген биік тұрар бәрінен,
Бұл шындықты мойындайды барлығы.
Көз саламын көздеріңе тұңғиық,
Жан екенсің ойлағаннан тым биік.
Үлгі аламын бір өзіңнен әкешім,
Алғыс айтам бір өзңе бас иіп.
Әкеге хат
Әке…..Үш ақ әріп,бір ғана сөз.Солай болса да мен үшін әлемдегі ең қастерлі,бағалы бейнені елестететін аса құдіретті сөз.Бүгін сол тұлғаға арнап перзенттік сырым мен балалық алғысымды айтып,қалам тербемекпін.Білемін,әкенің істеген таудай жақсылығының жанында,не істесек те өтемі болмас. Дегенмен,перзент ретінде ол адамға алғыс айтудан жалықпасым сөзсіз.
Есімде,әкем кішкентай кезімнен-ақ жақсы көріп,әрқашан төбесіне көтеріп жүретін.Қалаған дүниені алып беріп,ешкімнен кем етпаей өсірген асыл жандардың өмірде алар орны ерекше.Жұмысының ауырлығына қарамастан,баласының болашағы үшін бәріне шыдайтын да- Әке.Сәл жетістікке жете қалсақ,жиналған орындарда болмашы жетістігімізбен балаша қуанып,мәз -мәйрам болатын да — Әке.Қиыншылықтарға қайыспай қарсы тұрып,біз үшін аққан әрбір маңдайының тері үшін біз не істесек те қарыздар болып қала береміз.
Әке деген асыл тұлғаны жақсы көретінімді жеткізгім келеді.Алайда,әкесіз пенделердің де көп екенін ескеріп,әкемізді барында бағалайықшы дегім келеді.
НҰРЖАН Айдана,
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
«Еңбек орта мектебі-Өрнек бастауыш мектебімен»КММ
11«А»-сынып оқушысы
«Farabi shakirti»журналының жас тілшісі.