Кеңістікті бағдарлау. 1-5 сандары

Мектепалды даярлық тобында тәрбиеленушілермен өткізілетін танымдық оқу кезеңі.

Мектепалды даярлық  тобы мектепке 1- бастауыш сыныпқа барғанда, ең алдымен топта үйренгенін, білгенін, білімділігін байқатады. Сол себепті, бұл топтағы бүлдіршіндерді математиканы жақсы меңгеруге баулуымыз қажет. Сондықтан, сандармен жұмыс істеу маңызды. .[1]Сан — мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе. шексіздігі туралы идея пайда болды. Сан ұғымының алғашқы кеңеюі — натурал сандарға бөлшек сандардың қосылуы болды. Ол ұзындықты өлшеу, ауданды табу, сондай-ақ, атаулы шамалардың үлесін бөліп шығару қажеттілігіне байланысты қолданысқа енгізілді. Сандармен жұмыс істей алатын бала кез келген есепке мықты болады. Есепке бейім балалардың  қабілетін одан әрі дамыту мақсатында елімізде, бүгінде ментальды математикаға көп көңіл бөлінуде. Бұл мектепалды даярлық тобындағы 4 жастан бастап мектептегі 16 жастағы балалардың ақылой қабілетін ойда санақ жүргізу арқылы дамытатын әдістеме.

Мектепалды даярлық тобында негізгі сабақ тәрбиеленушілерді сандармен таныстырудан басталады. Айталық, 1-5 сандар. Математика – біздің қоршаған ортамыз. Әлемді шексіз кеңістік десек, онда ғимараттар, тұрғын үйлер, жолдар, адамдар қоданатын заттар математикалық теңдеулерге сүйеніп жасалғанын бүлдіршіндерге сандар арқылы ұқтырамыз. Олар кеңістікті бағдарлай білуі қажет. Даярлық тобымыз келетін, күнде көптеген заттар жайлы мағлұмат алатын, ойнап, демалатын – бөлме кеңістік. Кеңістік туралы айтқанымызда, алдымен мұнда қандай дүние барын балалардан сұраймын.

—Бөлменің пішіні қандай? Пішінде нені көріп тұрсыңдар? – деген сұрақты қойып, көрген заттарын 1-5 сан аралығында санап шығуды тапсырамын. Балалар өздеріне үйреншікті тақта, парта, түрлі көрнекіліктерді атайды. Бұл үйреншікті де. Алайда, балалар кеңістік — бөлменің, қабырғалары, төбе мен еден, терезе мен есік негізгі тұғыр, оңы мен солы, алдыңғы және артқы қабырғасы бар екенін біле бермейді.

Балаларға бөлменің құрылысы туралы айта отырып, терезе, есік, төбе мен еден, қабырғалар қанша және қандай математикалық фигураға ұқсайды? – деген сұрақтар арқылы қолдарындағы сандармен санап шығады. Санмен шығарған құрылыс материалдары түгел болғанда яғни төртбұрышты, квадрат бөлме құралатынын білген соң, бөлмені кеңістік деп атайтынымызды ұғады. Балаларды сандармен ойын ойнатып, сұраққа жауап бергізіп қызықтыра жұмыс жасаудың нәтижесі баланың қабілетінің дамуымен байқалады. Әр бала өзін көшбеасшыдай сезініп, көп жауап беруге ұмтылады. Тәрбиеші ретінде менің мақсатым да әр баланы көшбасшылыққа тәрбиелеу.

—Кеңістікте кімдер және не бар? –деген сұраққа жауап беріп үйренеді. Біздің кеңістігімізде тәрбиеленушілер қажет көрнекілік құралдары, тақта, парта және адамдар — өздері бар екенін айтады. 1-5 сандар арқылы балаларды топқа бөлемін. Содан соң үйге тапсырма беремін. Кеңістік деген ұғым бір ғана біз оқитын сынып бөлмесімен шектелмейтінін бүлдіршіндер қалай ұқты деген сұраққа жауап дайындап келулері керек. Сол кеңістікте 1-5 сандар аралығындағы заттарды санап шығулары керек. Бұл ретте ұл-қыздарына ата-аналары да көмектесулері қажет. Кеңістік – өздері тұратын үй, азық-түлік алу үшін сауда жасайтын дүкен, демалыста баратын ойын-сауық орталықтары. Үй тапсырмасына қосымша сынып пен үйдің айырмашылығын біліп келуді тапсырамын.

Кеңістікті бағдарлау сабағын  бір сынып және үймен шектеп қалмай, одан әрі дамытушылық мақсатында, ойыншықтармен, фигуралармен, сандар жазылған көрнекілік құралдарымен жұмыс істейміз. Балаларды топқа бөліп, оларға сұрақтар беремін. Бір топ екінші топқа сұрақ қояды. Мысалы, «Сен телефонды неше жаста қолыңа алдың?», «Велосипедті қай жастан бастап айдап, үйрендің?», «Неше ертегі білесің?», «Ата-әжеңе күніне қанша рет телефон шаласың?» — деген сұрақтарға балалар 1-5 сандарды пайдалана отырып, жауап береді. Тәрбиеленушілердің танымдық қабілетін сандармен шыңдауда «Туған елім», «Қазақстан – мәңгілік мекеніміз!» атты тақырыптарда шағын әңгімелерді еліміздің картасын пайдалана отырып өткіземін. Туған жердің табиғаты, мәдени мұрасы, көрікті жерлері туралы суреттерді пайдаланамын. Табиғатымыз – кең дала, биік таулар мен жазиралы дала, оны мекендеген аң-құстар мен адамдар туралы айтып, шолу жасаймын. Ясауи кесенесі, Отырар мен Сауран, Көлсай, Шарын шатқалы, Бурабай мен Астана туралы қысқаша айтып отырамын. Өйткені, бұл тақырып тарихымыз.

Кеңістікті бағдарлау, 1-5 сандарымен жұмыс істей отырып, бала зердесіне не түйеді? Білімділігі жағынан: 5 — ке дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттығады, геометриялық пішіндерді меңгереді. Логикалық есептер шығаруға, уақытты, кеңістікті бағдарлай білуге, апта күндерін дұрыс атауды үйренеді. Дамытушылық қабілетте: өз бетінше жеке жұмыс істеуге машықтанып, ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын дамытады. Өздігінен талдау жасауға үйреніп, санаған сандарын сапалы түрде түсіне білуге дағдыланады. Логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, білімділігін байқауға болады. Тәрбиелік салада: шыдамды болуға, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, ой еңбегіне бейімдеу, адам мен табиғат арасындағы байланыс арқылы еңбексүйгіштікке, достыққа, мейірімділікке татулыққа, бірлікке тәрбиелеу. Психологиялық тұрғыда: білімді үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Зейінін, қиялын, зеректігін, тапқырлығын дамытыта отыра, өзара жарыста жеңімпаз болуға ынталандыру. Яғни, даярлық топтан жеке тұлға болып қалыптасуына дайындау.

Мектепалды даярлық тобында видеомэппинг, интерактивті технологиялары негізінде жұмыс істейміз. Топ балаларымен жұмысты осы аталған бағдарламаларға сүйене отырып, өткіземін. Менің мектепалды даярлық тобымен жұмыс істеп келе жатқаныма биыл он бір жыл болады. Алматы облысы, Есік қаласындағы экономикалық-гуманитарлық колледжін мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша бітірдім. Одан кейін еліміздің үшінші мегаполисі – Шымкент қаласындағы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша тәмамададым.

Мектепалды даярлық тобын бастауыш сыныпқа дайындау жолында алға қойған мақсатым – ауылымыздың әр баласының танымдық ой-өрісін дамытып, тәрбиелеу. Әр бүлдіршінді ана тілімізді құрметтеп, тек ана тілімізде сөйлеуі үшін оларды қазақ тілінде көп және ұзақ сөйлеуге үйрету. Көп сөзді жадына салу. Үнемі балалармен кері байланыста болу. Үйреткенімді қалай үйренгенін тексере отырып, ата-анамен үнемі әңгімелесіп отырамын. Біздің бүгінгі бүлдіршініміз ертеңгі тұлға екенін айта отырып, әр баланы көшбасшылық қабілетін шыңдауға үйретудегі мақсатыма жетіп келемін.

КАМАЛИЕВА Айжан Амановна,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, «Еңбек орта мектебі-Өрнек бастауыш

мектебімен» КММ мектепалды  даярлық тобының тәрбиешісі.

[1] «Википедия» ашық энцеклопедиясы