Әкесі ұлының бойына мәдениет пен театрға деген сүйіспеншілікті оятты

27 Наурыз – Дүниежүзілік театр күні
Қайымның әкесі – Мұхамедхан Сейітқұловтың (1870-1937) үйі мәдениет пен білім ошағы, халқымыздың қайраткерлерінің бас қосатын ордасы болды. Әр кезеңдерде Абай мен Шәкәрім, Абайдың шәкірттері, көптеген Алаш қайраткерлері, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, әншілер мен композиторлар, режиссерлер мен театр әртістері – халқымыздың тарихындағы есімдері алтын беттерге айналған тұлғалар осында болды.
Қайым үшін отбасының үйі мен әкесінің достары туралы естелік қасиетті болды. Ол осы кісілердің бейнелерін, есімдерін есте сақтап, бүкіл саналы ғұмырын олардың шығармашылығын сақтауға арнады, олар туралы өмірбаян, терен зерттеулер жазды.
Қуғын-сүргін кезінде көптеген есімдерге ондаған жылдар бойы тыйым салынды.Қ. Мұхамедханов ештеңеден қорықпай, көптеген тарихи тұлғалар мен театр қайраткерлерінің баға жетпес шығармашылық мұрасын сақтап қалды.
Ағартушы
1940 жылдан бастап Қайым өмір бойы оқу-ағарту ісімен айналысады. Ауылдарда, зауыт-фабрикаларда, радио-телевидениеде, газет-журналдарда тарихымыз бен мәдениетіміз, театр, көптеген тарихи тұлғалар туралы тақырыптарда үнемі сөз сөйледі.
Қайым кәсіби және халық театрларының режиссерлерімен, әртістерімен дос болып, шығармашылықпен жұмыс істеді, бірқатар театрлардың көркемдік кеңесінің мүшесі болды. «Театр оның өмірінің бір бөлігі болды» деп жазды Байтен Омаров.
Мұхтар Әуезов Мұхамедхан Сейітқұловтың үйінде
Мұғалімдер семинариясының студенті Мұхтар Әуезов достарымен бірге Мұхамедхан Сейітқұловтың үйінде жиі болып, Мұхамедхан жас таланттарға үлкен қолдау көрсетті.
М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», «Бәйбіше тоқал», «Ел ағасы» пьесаларының алғашқы репетициясы Мұхамедхан Сейітқұловтың үйінде өтті.
Қазақтың тұңғыш театры осы үйде осылай басталған. Осының бәрін бала Қайым көріп өсті.
Мәдениет тарихының сақшысы және шежірешісі
Қайым әкесімен бірге Абайға арналған тарихи әдеби-театрландырылған кешке (1924 ж.) және басқа да шараларға қатысты. Осылайша әке ұлының бойына туған халқына, ауыз әдебиеті мен эпосқа, ән мен театрға деген сүйіспеншілікті оятты және туған мәдениетке, басқа халықтардың мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрмет көрсеті.
Қайым 1914, 1915, 1924 жылдардағы кештердің Бағдарламаларын бірінші болып тауып, сақтап, аударып, олардың мазмұнына, осы оқиғаларға қатысушылардың барлығына алғаш рет терең түсініктемелер берді. Бұл да театртану ғылымына қосылған үлкен үлес.
Қайым театрға байланыс көптеген тарихи оқиғаларға қатысып, олардың шежіресін жазды.
Қайымның 1930 жылдардағы театр қойылымдары туралы мақалалары
1930 жылдардың соңынан бастап. Қайым «Екпінді» газетінде «Ер Тарғын», «Боран», «Жалбыр», «Шеқарада» атты тұңғыш театрландырылған қойылымдарға әдеби-сын мақалалары мен шолуларын жариялады.
Узейр Гаджибековтің «Аршын мал алан» пьесасы қазақ тілінде
1941 жылы Қайым Мұхамедханов «АРШЫН МАЛ АЛАН» музыкалық комедиясын алғаш рет Әзірбайжан тілінен қазақ тіліне аударды.
«Аршын мал алан» бұл Әзірбайжан композиторы Узейр Гаджибековтің ең танымал оперетталарының бірі.
Музыканы жетік меңгерген жас ақын-аудармашы Мұхамедханов сөз, буын, дыбыс түпнұсқа музыкаға дәл келетіндей етіп барлық арияларды қазақ тіліне ыдыратып жіберген. Семей драма театрының мұрағатында, басқа мұрағаттарда осы музыкалық шығарманың мәтінін аударма авторы жазған жазбалар сақталған.
Қ.Мұхамедханов аударған «Аршын мал алан» музыкалық комедиясы 1940-шы жылдары Семей, Шымкент қалаларының театрында сәтті қойылды.
1980 жылдары автор бұл қойылымды пысықтап, Семейдегі Абай атындағы музыкалық-драма театрының сахнасында қайта жалғасты.
Осы уақытқа дейін Қайым Мұхамедхановтың «Аршын мал алан» аудармасы Алматыдағы Әуезов театрының сахнасында қойылып келеді.
Пьесаларды басқа тілдерден аудару
Мұхамедханов «Әзірбайжан композиторы Узейр Гаджибековтің «Аршын мал алан», татар тілінен қазақ тіліне татар жазушысы және драматургі Шариф Камалдың «Қажы Әфенди үйленеді», поляк драматургі Ежи Юрандеттің «Уақыт сондай», Бомаршенің «Фигаро», көптеген басқа аудармалар —
Александр Пушкин «Русалка», т.б. аударды.
Авторлық пьесалар
Қ.Мұхамедханов «Перне», «Ер Білісай», «Комиссар Ғаббасов», «Майданнан Майданға», т.б. пьесаларын авторы.
Бірқатар деректі және көркем фильмдердің сценарийлерін жазған. Оның төл пьесалары мен басқа тілдерден аударған пьесалары Қазақстан театрларының сахналарында үлкен табысқа жетті.
Мақыпжамал мен Фархинурдың тарихи фотолары
1940 жылы Семейге кезекті сапарында М.Әуезов әдеттегідейҚ.Мұхамедхановтың үйінде болады. Бұл жолы Абай заманындағы әйелдердің тарихи дұрыс бейнесін жаңғырту үшін Қаймның анасы Мақыпжамал мен Қайымның әйелі Фархинұрға ересек пен жас әйелдің ұлттық киімін киюді өтінді. Бұл театр режиссері А.Тоқпановқа М.Әуезовтің «Абай» пьесасын қою үшін қажет болды.
Қазақ театрының қалыптасу тарихы, қазақтың тұңғыш режиссерлері мен актерлерінің, әншілерінің қызметі, қазақ театрларының қойылымдары, қазақ театр қайраткерлерінің мерейтойлары, маңызды театр оқиғалары – осының барлығын Қ.Мұхамедханов ашып берді.
«Ол театрдың тамаша досы, оның кеңесшісі болды, қазақ театрының бастауында тұрып, театртану ғылымына үлкен үлес қосты, деп атап өтті» — Б.Омаров, Е.Обаев, Т.Ибрагимов және басқа да қазақ мәдениетінің қайраткерлері Қайымның театртану мен театр дамуына қосқан үлесі туралы жазды.
Дина МҰХАМЕДХАН,
профессор, «Қайым Мұхамедханов атындағы
білім және мәдениет орталығының» директоры.
Алматы
https://www.facebook.com/dina.mukhamedkhan