Кішкентай бала неге тәтті жақсы көреді?

Қазір кішкентай сәбиден бастап жасөспірімдерге дейін тәттіні сүйіп жейтіндер, одан тіпті бас ала алмай жүргендер өте көп. Ал тамаққа тәбеттері жоқ? Бұл сауалға кім кінәлі?

Ата аналарды кінәлау- меніңше дұрыс емес.  Ал олардың тәттіні не үшін соншалықты жақсы көретінін білесіздер ме?

Тіпті балаға тәтті берсең сағат сайын жеуге дайын.  Оны шектеу үшін ата аналар балаға қарсылық қояды. «Жеме, тісің ауырады, бетіңе жара шығады, жеуге болмайды» — деген сияқты.

Жалпы бала дамып өсер шағында оның ағзасы глюкозаны қажет етеді екен. Себебі сүйек пен бұлшық ет тез өсіп жатыр.

Бір қызығы — баланың миы қажет ететін нәрсесін біліп тұрады. Мысалы, оған қажет глюкозаның ең құрамы — шоколадта.

Одан басқа балды алуға болады. Бір шай қасық бал негізі бір күндік норманы береді.

Ал біз оны біле бермегендіктен — балаға шектеу қоямыз.

Жалпы баланың денсаулығын кішкентай кезінен бастап ретке келтіру керек. Оған қажетті витаминдер мен ағзасына пайдалы тамақтарды көбірек беру керек.

Тәттіні де шамадан тыс беру қате, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екенін ата – ана білсе де кейбір ата – баланың қалауы деп құрамы белгісіз, тіпті нұсқаулығын оқымай – ақ тәттілерді шамадын тыс жеуіне рұқсат береді. Бұл дұрыс емес. Кез келген тағамның, соның ішінде тәттілердің де құрамын оқып, салыстырып барып беру керек.

Мөлшерімен, уақытымен баланың көңілін аулаңыздар.

Баланың денсаулығы мықты, Өміріміз балдай тәтті болсын…

ТҰРДАҚЫН Әмина Жанатқызы

Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған дарынды балаларға арналған

қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын

орта мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы

Сурет:https://avatars.dzeninfra.ru