Ұлағатты ұстаз, мерейтойыңыз құтты болсын!

Мұғалімдік – мамандық, ұстаздық – қасиет.  Иә, ұстаздық ету адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі. Ендеше осынау асқаралы ұғымдағы ұстаздық қасиетіне мейлінше адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы жолға арнаған ұстаздарға қандай мадақ айтсақ та жарасып тұрады емес пе? Ұстаз — болашақтың іргетасын қалайды, себебі, адамның ғұмыр жолы білімге негізделген. Өмірде барша мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, жомарттықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық болса, ол ұстаз мамандығы. Жамбыл ауданына қарасты Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі — Өмірғожаева Камиля Қалымқызы  сол ұстаз мамандығын терең меңгерген жан. Өз кәсібін жоғары ұстайтын қарапайым ұстазды мектеп ұжымы да оқушылар да аса құрметтейді, оның ұстаздық қадір қасиетін, біліктілігін қолдайды. Бұл Камиля Қалымқызының парасаттылығы мен сабырлығының, адами жақсы қасиеттерінің нәтижесі деп білемін.  Еңбек жолында рухани күш-жігерін аямайтын өз кәсібінің майталманы, отбасында аяулы жар, аяулы ана — бүгінгі таңда асқаралы 60 жасқа толып отыр. Мерейтой иесіне ақ ниетпен қыстай мықты денсаулық, көктемдей жаңа күн, жаңарған тіршілік, жаздай жайдары көңіл, күздей жарқыраған алтындай өмір тілеймін! Жүзіңізді мұң, ақ көңіліңізді кір шалмасын! Жаныңызға жақын жандардың ортасында жаныңыз жадырасын! Әр туған күніңіз бақытты да шаттықты сәттерін көптеп сыйлай берсін! Арманның аяулысын, бақыттың баяндысын, жақсы күннің көбін, қиындықтың жоғын тілеймін!

Алпыс пен жетпісте де нар болыңыз,

Сексен мен тоқсанда да бар болыңыз.

Жүз жастың төбесіне шыққан шақта шөбере-неменелі апа болыңыз!

Менің сізге деген құрметім шексіз, жақсы адам!

Құттықтаушы:

АХНИЯЗҰЛЫ  Ринат,

Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің

2023-2024 оқу жылының түлегі,“Алтын белгі иегері