Әлем арасында біз біле бермейтін мерекелер

Әлем — біз білмейтін шексіз  сырларға толы. «Әр елдің салты басқа», — деп бекер айтпаған-ау, сірә. Сондықтан, бүгін біз “әлем күз мезгілінде қандай ерекше мерекелерді атап өтеді?” деген сұраққа жауап іздейміз.

     Біздің елімізде күз айларында аталып өтетін мерекелер көп. Бұл мерекелерді отбасында, мектепте атап өтеміз.1 — қыркүйек Білім күні. Білім күні, 1 қыркүйекте қазақстандық мектептерде алғашқы қоңырау соғылады. 1 қыркүйек мерекесі Кеңес заманында пайда болған екен. Ресми түрде «Білім күні» ретінде 1984 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумының жарлығымен бекітілген.

      Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні. 15 мамыр – халықаралық   отбасы   күні.  Мереке 1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан атаулы мереке қоғамның назарын отбасыға аудару, отбасының ең маңызды құндылығмыз екенін ұғындыру  мақсатында аталып өтеді. Бұл күні отбасы мүшелері бір-біріне ерекше сыйлықтар жасап, көңілін көтереді.

     Қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтеді. Адам өмірінде ананың рөлі ерекше. Адамзатың ана алдындағы парызы көп. Бұл күн аналарымызды құрметтеу күні. Перзенті үшін жанын қиюға даяр аналарға алғыс айту идеясы Нұрсұлтан Назарбаев идеясымен бекітілген болатын. Елімізде 130-дан астам ұлт мен ұлыс мекен етеді. Отанымыздағы барша халықтың тілін құрметтеу мақсатында 22 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні тойланады. Мереке аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өтеді. Бір күнде күллі халықтың жетістігін тамашалап үлгермейтіндіктен мереке бір айға жуық тойланады.

       Қыркүйек айының төртінші жексенбісі – Еңбек күні. Мереке еліміздегі жұмысшы мамандық еңбеккерлерінің рухын нығайтып, еңбегіне алғыс айту күні. Түрлі сала мамандарын марапаттайды. Мерекенің атап өтудегі мақсат – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.

Әлем халықтары да қыркүйек айында бірқатар мерекелерді тойлайдды екен. Атап айтқанда, «Жинау мерекесі» (Thanksgiving) — 1621 жылы Плимут колониясындағы колонизаторлар мен жергілікті халықтардың егін жинау мерекесінен басталған  бұл шара  АҚШ-та қараша айының төртінші бейсенбісінде тойланады. Бұл мейрамның басты мақсаты: отбасының мерейі мен бірлігін үстем етіп, адам мен адам арасын жақындастыру.

Октоберфест— қыркүйек айының соңынан қазан айының басына дейін созылатын шара. Ал тарихына үңілсек, 1810 жылы Бавария королінің некесіне орай тойланған. Мерекенің ерекшелігі: неміс мәдениеті мен сырасын мерекелеу. Яғни, сыраға тікелей қатысты фестиваль. Мерекенің ашылуын Мюньхен қаласы ұйымдастырады. Шамамен бір ай бойы адамдар әртүрлі сыраның дәмін татуына болады

Көрісу күні (day of the dead) — мексикалықтарда да көрісу күні аталып өтіледі екен. Дегенмен де, өзіндік ерекшеліктері бар. Біз татуластықты, байланысты нығайтамыз десек, мексикалықтар өмір мен өлімнің циклін атап өту, өткендерді құрметтеу мақсатында өткізеді. Бұл мереке 1-2 қараша күндері тойланады.

Мидо-Нобори – Жапонияда күздің келуін атап өтетін дәстүрлі фестиваль. Бұл мереке көбінес қыркүйек пен қазан айларында тойланады. Мереке барысында жапондықтар көктемде егіп, күзде жинаған дақылдарын, әсіресе күріш пен жүзімді атап өтеді. Яғни, ата кәсіптерінің мерекесі десек те қате айтпаспыз. Фестиваль барысында жапондықтар ұлттық киімдерін киіп, түрлі өнер көрсетіп, дәстүрлі тағамдар дайындалады. Мидо-Нобори мерекесінде адамдар бір арнаға тоғысып, алтын күздің адамға берген байлығына рақмет айтып, табиғатпен байланысын нығайтады.

Бүгін біз тек соның бірнешеуіне ғана тоқталып өттік. Таным-көкжиегімізді кеңейтетін мұндай зерттеуді білу, қызығу болашақта зиянын емес, пайдасын берері анық.

КОПТЛЕУОВА Гульшат,

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған

қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете

оқытатын мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы

сурет: Dalanews.kz