Әлем ардақтаған хәкім Абай

М. Лермонтов атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінде Тастұмсық ауылдық кітапханасы мен М. Лермонтов атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Әлем ардақтаған хәкім Абай» атты ғылыми дәріс болып өтті.
Конференцияға Түркістан облысындағы іргелі екі университеттің оқытушылары, Түлкібас аудандық Жастар ресурстық орталығы, Түлкібас аудандық «Шамшырақ» газетінің тілшілері, Түлкібас аудандық қоғамдық келісім ММК мамандары, Жыланды ауылының ауыл биі мен көпшілік оқырмандар қатысты.
Конференцияда Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ғылым бөлімінің басшысы, география ғылымдарының кандидаты, доцент Мамадияров Марат «Абай – ұлттық әдебиеттің асқары», аға оқытушы Рысбеков Марат «Абайдың қара сөздері мен әндері – ұлттық таным – түсініктің қайнар бастауы» тақырыбында көлемді ғылыми баяндамаларын таныстырып, ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, еңбектерін зерттеудегі соңғы жаңалықтарды ортаға салды. Шымкент университетінің магистранты Абдуллаева Рано «Абайдың әдеби тілі» тақырыбында слайдты баяндама таныстырды.
Әрі жас оқырмандарымыз әдебиетіміздің ардағы туралы көп ақпарат ізденіп, «Ескендір», «Әзімнің әңгімесі» поэмаларына талдау жасады. Лермонтов ЖОМ 10 сынып оқушылары Лесбек Әсем мен Бақтайқызы Нүрила «Өз заманының дарабозы, «Абай және қазақ ұлты», Олег Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің 8 сынып оқушысы Аббасова Айгюн «Абайдың табиғат лирикасындағы кейіптеу» тақырыбында өз зерделеу жұмыстарын ғалымдар назарына ұсынды. Зерделеу жұмыстарының кемшілігі мен артықшылығы ғалымдар тарапынан бағаланды. Оқырмандар ақынның бірнеше өлеңдерінен үзінділер оқып, Абайдың әнін шырқап берді. Кітапханашылар «Абай – әлем таныған кемеңгер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Іс-шараға қатысушылар Абайдың әнін шырқап, Абайға құрмет көрсетті.
ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,
Түлкібас аудандық орталықтандырылға кітапханалар жүйесіне қарасты
Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,
Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.
Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің
«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты