Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу —  сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

    Осындай  жұмыстың маңызды бір бағыты — пәндік апталық болып саналады. Қазан айының  17-21 күндер аралығында  мектепте «Әлем – нақты ғылымдар тілінде» тақырыбында математика,информатика және физика пәндер апталығы өткізілді.

   Апталықтың мақсаты: математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи  тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой өрісі мен таным белсенділіктерін жан жақты жетілдіру. Мұғалімдер ұйымдастырған интеллектуалды, қабырға газеті  сайысы,  кештер, олимпиадалар, сыныптан тыс іс- шараларға оқушылар түгел қатысты.

   «Жаратылыстану» бірлестігінің  жетекшісі Маханаова Венераның ұйымдастыруымен «Әлем – нақты ғылымдар тілінде» тақырыбында математика, инфорамтика, физика пәндерінің ұйымдастыруға атсалысқан  бірлестік мүшелері мен 10 сынып оқушылары ерекше дайындықпен келгенін байқатты.

   Іс – шараға оқушылар мен ұстаздар бірге қатысты. 5 сыныптар арасында «Тапқыр математик»  сайысына қатысқан «Зерек» тобы, 5 «Б» сыныбы «Болашақ математик» тобы болып өзара бақ сынасты. 6-7 сыныптар арасында «Қызықты математика әлемі» Зарерова Ж., 7 сыныптар арасында «Информатик жұлдыздары» Бержанбаева С.,  9 сыныптар арасында «Тапқыр информатиктер» Сейсенова А.,интеллектуалды сайыс сабақтары, Маханова В., 5-7 сыныптар арасында  «Математикалық пирамида» ойыны, Тоқсанбаева Ж., 7 — сыныпта «Инерцияны айыптау», Мамбеталиева Ф., «Білімді ұрпақ — ел тірегі», Айтлеуова Н., 57сыныптарында  «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалдық,   7-11 сынып оқушыларымен  «МИФ» (Математика, Информатика, Физика)  атты қызықты сайыстар өтті.

Апталық барысында  әр оқушы өз білімі мен логикалық ойлау қабілетін танытуға  математика пәні олимпиадасында мүмкіндік алды.    ұйымдастырылды. МИФ бірлестігінің апталығының аясында информатика пәнінің мұғалімі Мамадиев Біржанның ұйымдастыруымен роботехника көрмесі болып өтті. Оқушылар робот құрастырып, сумо сайыстарына қатысты.

   «МИФ» бірлестігі ұйымдастырған «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты апталықтың жабылу салтанаты болып өтті. Жиында апталыққа белсене қатысқан оқушылардың барлығы марапатталды. Апталықтың жабылуын математика пәнінің мұғалімі Мамбеталиева Фарида, 9 «А», «Б» сынып оқушылары ұйымдастырды.  

    Қорыта келе айтарым, ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Ұстаз  – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.

                                                 МАХАНОВА Венера Жалғасбайқызы,    

                                                                       математика пәнінің мұғалімі.

                                                Қызылорда облысы,  Жаңақорған ауданы,

                                                                                       №56 орта мектебі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *