Ұлы Жеңіс мерекесі құтты болсын!

                                                      Абдрахман Асылбек
Жеңіс жалауы

Жеңіс тіпті оңайлықпен жеткен жоқ,
Дұшпан бізге аяушылық еткен жоқ.
Соғыс бітіп, талай жылдар өтсе де,
Қияметі бастан әлі кеткен жоқ.
Жауқазындар желектерін жайғанда,
Жайраң қағып шығушы едік сайранға.
Сойқан соғыс басталды да кенеттен,
Кете бардық аттанып қан майданға.
Отан үшін арпалыстық, алыстық,
Қас дұшпанмен қасарыстық, қарыстық.
Жанымызды, тәнімізді табыстап,
Қара жерге ағып жатты қан ыстық.
Қаншалықты қарысқанмен қайрат қып,
Жерге тығып, жауыздарды жайраттық.
Қанға бөгіп қан майданда қалсақ та,
Гүл өңірді, нұр өмірді жайнаттық.
Желбіретіп жеңіс деген жалауды,
Тарихтағы толтырдық бір тарауды.
Ұрпағымыз өтер мәңгі ардақтап,
Жеңімпаздар қалдық кәзір санаулы.

Ескен Елубаев

Жеңіс күні

Мəңгi шықпас ел есiнен,
Жеңiстiң көрем бейнесiн мен,
Орденге толы, медальға толы
Əкелердiң кеудесiнен,
Желбiреген жалауынан,
Мəңгiлiк оттың алауынан,
Күлкiсiнен балалардың,
Шаттығынан аналардың,
Əр күннiң нұрлы келбетiнен,
Гүл жайнаған жер бетiнен!

Қайрат Жұмағалиев

Жеңіс күні

Сауал бердім білгім кеп:
Қуанышты мереке –
Жеңіс күні қай күн? – деп.

Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:
– Дұрыс, – десті, – сұрағың.
Бейбіт күннің бәрі де
Жеңіс күні, шырағым!

Гүлнұр Керимбай

Жеңіс

Бүгін бізде бейбітшілік таңымыз,
Себебі батыр болған қанымыз.
Жеңіс күні бүгін бізде мереке,
Тек батырларға арналған бұл әніміз.
Біз үшін батырлардың рухы биік,
Отан үшін кетті олар жанын қиып.
Кетті олар келмеске біздер үшін,
Отан үшін салып терінбар күшін.
Тыныш өмір бақыт тілеп баршамызға,
Ата-ана жас батыр сұлу қызға.
Батты қанша бұлтты түндеріміз,
Жылауменен өтті ғой күндеріміз.
Бақытты өмір өтуде әр таңымыз,
Жақсылықпен жалғассын қадамымыз.
Ұмытпаймыз барлығы ел есінде,
Бізді көріп қуанған ғой жел есуде.
Мың рахмет айталақ қуанышпен,
Тойлаймыз «жеңіс» күнін мақтанышпен.
Әрқашан бағалайық осы шақты,
Әр минутта бақытымыз толып жатты.
Тек әр қадамымыз болсын нақты,
Себебі ата-баба аңсаған осы шақты!

Сурет:https://egemen.kz/