«Мұқағали — мәңгілік ғұмыр»

Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,-

деген ақын өлеңінде жан тазалығын, асқақ рух пен халқы алдында қарапайым жан екенін жазып кеткен ақын жырлары оқырманы барында мәңгі жырлана беретіні сөзсіз. Оның өлеңдерінің өміршең болуы – поэзия сүйер қауым өлеңдерін жатқа айтып, әнін шырқаудан жалыққан емес. Деседе, жас ұрпақ жадында поэзия ақиығының шығармасын сақтап, ақын жайлы көп мағлұмат алу үшін мектептің атқарар жүгі бар. Ұстаздар қауымы ақынның туған күні қарсаңында сыныптарда ашық сабақтар, сынып сағаттары мен әдеби кештер ұйымдастырып, ақынның тұлғасы мен өлеңдерін шәкірт жүрегіне терең бойлату үшін олардың шығармашылық қабілетін дамытуда  ұйымдастырып келе жатқан іс-шаралары орасан.

Бұл ретте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің еліміздің тарихи тұлғаларының өмірі мен шығармашылығы, ерлігі мен қайсарлығын жас ұландарға дәріптеудегі еңбегі өлшеусіз дер едім.

Биыл ақынның туғанына 94 жыл толды. Соған орай, біздің гимназия қоғамдық-гуманитарлық  пәндер  бірлестілігінің  қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің  мұғалімдерінің  жетекшілігімен  Абай  атындағы  Қазақ   ұлттық  педогогикалық   университетінің  филологиия  факультетінің   3-курс  студенттерінің   ұйымдастыруымен  «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр»                                          атты әдеби кеш  өткізді. Кеште ақынның өмірбаяны таныстырылды.

Әдеби кештің   мақсаты: Шәкірттерге М.Мақатаевтың   өмір   жолын  шығармашылығын  дәріптеу. Отанды  туған жерді  сүюге  тәрбиелеу, оқушылардың   поэзияға   деген  сүйіспеншілігін   арттыру,ақын  өлеңдерінен   үлгі  алу.

Сабақтың  көрнекілігі: Ақын  өмірбаянынан   бейнеролик, ақын  шығармашылығынан  слайд, Wordwall сайты арқылы викториналық сұрақтар дайындап, оқушылардың ақын жайлы білім көкжиегін кеңейту.

Әдеби  кешке оқушылар  белсене  қатысып, ақын  өлеңдерінен  өлеңдерін оқыды, оның сөзіне жазылған әндерді шырқады. Айталық, 10 “Ә”  сынып оқушысы Болатұлы Дәулет М.Мақатевтың  сөзінде  жазылған “Бақыт ” әнін орындады.

6 «А» сынып оқушысы Мыңжасар Гауhар ақын сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың»  әнін орындады. 6 «А»сынып  оқушылары Тәжібаев Нұрбол, Бейбітбай Әсель, Аман Нұрқадыр, Тұяқ Кәусар  ақиық  ақынның   шығармаларын   мәнерлеп, жатқа  оқыды.

Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық  Педогогикалық  Университетінің филология факультетінің 3-курс  студенттері  ақын  өмірінен   сыр  шертетін  әсерлі  көріністі   көрермендердің   жүрегіне  жеткізді.

Мұқағали ақын қысқа ғана ғұмыр кешкенімен 1000 – нан астам өлең жазып, 12 жыл   ішінде 8 жыр жинағы жарық көреді. Поэмалары, пьесалары мен аудармалары өз алдына. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып, шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық).

Сондай-ақ   әдеби  сазды  кеште   ақынның  рухына  бағышталған   арнау оқылды.

Әдеби  сазды  кешті тамашалаған гимназия оқушылары мен ұстаздар жоғары  деңгейде  бағалады.

САМАДИЕВА  Роза  Жұмағазықызы,

Алматы қаласы, №147гимназияның

қоғамдық  -гуманитарлық  пәндер

бірлестігінің  жетекшісі

.[1] Дереккөзі: «Уикипедия» ашыз энцеклопедиясы