Мүмкіндігі шектеулі балалар
олардың болашаққа деген сенімділігін қалай арттырамыз?
Мағжан ЖҰМАБАЕВ:
«Жас бала-жас бір шыбық. Жас күнінде қай түрде иіп тастасаң, өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ. Теріс иіліп қалған шыбықты артынан түзеймін десең, сындырып аласың. «Баланы бастан» деген сөздің мәнісі осы. Тәрбие деген- баланы бетке қақпай, бетімен жіберу емес. Яки, отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, көр бала қып өсіру емес. Баланы тәрбиелі қылу- тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолға құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын, төрт жағы түгел кісі қылып шығару».
Мүмкіндігі шектеулі балалар — кейбір салада психофизикалық дамуы бұзылған нәрестелер пен жасөспірімдер. Ескере кетуіміз керек дүние: олар толыққанды дамуды тоқтатпаған. Әлі күнге дейін болашағын жарқын қылу мемлекеттің және халықтың қолында.
Әлем бойынша 240 млн мүмкіндігі шектеулі балалар бар. Олардың қандай дүниелерге құқықтары бар? Толыққанды өмірге, достарының болуына, орта және жоғарғы білім алуға олар да қүқылы.
Қазақстанда балалар үшін қандай жағдай жасалғанына назар аударсақ барлығы керемет деп те айта алмаймыз, әлі күнге дейін жағдайдың нашарлығын байқауға болады. Мемлекеттің қорынан орта есеппен жылына 13 млн. теңге қаражат бөлінеді екен. Еліміздің 16 қарапайым мектебінде инклюзивті білім толыққанды қолға алынып, есту, сөйлеу, көру сыныптары ашылған.
Неге мүмкіндігі шектеулі балалар қарапайым мектепте оқуы қажет? Кез-келген тұлғаның дамуы үшін қоғамнан шектелмей, барынша қарым-қатынасқа түсіп, сіңіскені жөн. Ешкімді социумнан шектеген дұрыс емес, керісінше оларға өздерін көрсетуге, өзін ұсына алуға мүмкіндік бергеніміз жөн. Әрине, бала өздігінен де дамуы мүмкін, әсіресе теорияға келгенде барлығын біле алады. Алайда, кез-келген нәтижеге жету барысында 10% теория, 90% практиканың маңыздылығын ұмытпаңыздар.
Психофизикалық деңгейде жағдайы нашарлаған адамдардың IQ-ы төмен болатын жағдайдар жиі кездеседі. Соған қарамастан, бұл жағдайда өзін қолға алған адам жетістікке жетеді. Себебі, IQ төмен адам EQ (эмоционалды интеллект) арқылы ортада өзін ашуы мүмкін. Білімі жетілмеген, алайда интонация, эмоция, жестикуляция, харизмасымен көзге түсетіндерді жиі кездестіреміз. Енді бірі жетік жаза алмаса да, оқуға келгенде ешбір дені сау баладан қалыспайды. Бұл ненің дәлелі? Мектепте дені сау да, мүмкіндігі шеутеулі баланың да оқуы керек деген сөздің айқын көрінісі. Бірі бірінен озған ұрпақтың несі жаман? Дұрыс бәсекелестікті орнату — қазақ қоғамындағы жетуіміз керек биік шыңдардың бірі.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мектеп қабырғасында буллинг, ауқымды мәселелердің бірі құқықбұзушылық, дискриминациямен көзбе — көз кездесетіні шындық. Мемлекетіміздегі әр 5 — і оқушы осындай әрекеттердің құрбаны болды. Сөзсіз бұл істің дұрыс емес екені белгілі. Кемсіту, жеке шекаралардан аттап өтуге жеткізген бірден бір себеп қоғамның адамдарды идеал етуге талпынысы. Әлемдегі ешбір адам мінсіз оқымайды, ешбір адам барлық стандарттарға сай келмейді.
Менің осы тұста айтқым келетіні: Халық мүмкіндігі шектеулі адамдарды көруі керек, оларды қабылдауы қажет. Әр адамның өзінің бір түрліліктері мен бүртүрлілігі бар. Ерекшелік деп қабылданған қасиеттер жағымды әсерін тигізбесе, кері әсерін бермейді.
Осы тұста барлығыңызды сыпайылық пен құрмет көрсетуге шақырамын. Тағдырдың дайындаған ауыр кезеңіне байланысты түрлі ауруға шалдыққан балалардың да қалауы мен арманы бар… Біздің оқып жүрген мектебіміз, оған бара алмайтынның арманы. Біздің қиын жұмысымыз, әр жұмыссыздың арманы. Біздің деніміздің саулығы, әрбір ауруға шалдыққанның арманы!
Айша РАХИМБЕРДИЕВА,
Алматы облысы, Шамалған ауылы,
“Үшқоңыр” орта мектеп-гимназиясының оқушысы
Сурет: https://pin.it/2gXSb78