Мұралары мәңгілік

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі  Мұхаммед Қанафия  1835 жылы  Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын ауылында дүниеге келген. 1865 жылы 10 сәуірде, Көшентоған, қазіргі «Алтын емел» ұлттық паркіне барар жолдың бойында Шоқан ауылында жерленген).

 Қазақтың  ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.

Марфуға  Айтқожина, ақын

Шоқан ескерткішіне қарап

Толастамай маңайынан құс үні,

Бір өзіне баурап.

Көрген кісіні Академия алаңынан

Алысқа

Асқақ қарап тұр

Шоқанның мүсіні.

Иық қандай,

Қара толқын шаш қандай!

Көкірек ше —

Жұлдыз толы аспандай!

Дүние сырын бағып тұрған сияқты,

Оған біткен таңғажайып қас,

Маңдай!

Қыран даусы тау жаңғыртып,

Тас жарған,

Ғалым жолы бір қиырдан басталған.

Шоқан кенет ойға шомып кеткендей,

Келе жатып сонау алыс Қашқардан.

 

Абай  ҚҰНАНБАЕВ

Құйрықты жұлдыз секілді,

Туды да, көп тұрмады.

Көрген, білген өкінді,

Мін тағар жан болмады.

 

Шоқанның нақыл сөздері

*Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.

*Қазақтар — жақсылықтың қадірін білетін халық!

*Қазақ даласында не көп— бірі көне, бірі жаңа жапырлай орналасқан зираттар, обалар мен төбешіктер көп. Қазақтың тұрмыс тіршілігінің бұл тілсіз ескерткіштері тарихи тұрғыдан гөрі, жағрафиялық тұрғыдан алғанда қымбаттырақ.

*Қызғаншақтық — сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық.

Шоқан Уәлиханов

Меңіреу мезгіл Шоқанды ұғынбайды,

Ойлайды ол армандап бүгін жәйлі.

Өзі болып халқының  шыбын жаны,

Бозторғайы даланың  шырылдайды.

Неге сынық

Шоқанның салқын өңі?

Біз де дұрыс сезбейміз

     бәлкім оны.

Біздер көппіз,

Ал Шоқан жалғыз еді,

Біздер бүтін,

Ал Шоқан жарты еді.

Алғыр жүрек,

Алмас ой,

Арыс кеуде,

Өжеттігін болады барыс деуге.

Қойнауынан ғарыштық ту далаға

Түнді жарып түскен бір

       жарық сәуле.

Бір халықтың арманы бір басында,

Кетті Шоқан.

Солай боп туғасын да.

Бір құрлықты жетелеп бір

құрлыққа,

Бір ғасырды сүйрелеп бір ғасырға.

Уәлиханов Шоқанды сүйемін мен,

Болмысыммен,

Рухыммен,

Жүрегіммен.

Шоқан сынды ұлдарды көрсем

   деймін

Кіп-кішкентай ұлтым мен мына

   елімнен.

Дәуітәлі Стамбекұлы,

KZNEWS