Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мектепте хиджаб кию мәселесіне пікір білдірді

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді.

    Алматы, NEGE. Мәжіліс төрағасының айтуынша, мектеп саяси және діни   ағымдардың орталықтарына айналмауы керек.

«Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет, Конституциямызда, басқа заңдарымызда анық көрсетілген. Ата заңымыз дін бостандығына шектеу қоймайды, өзінің діни рәсімдерін жасаймын деушілерге кедергі жоқ. Алайда мектептерді саяси бағыттар мен діни ағымдар ордасына айналдыруға болмайды. Сондықтан біз балаларды немесе оқытушыларды басқа мәселеге алаңдатпауымыз қажет деп ойлаймын. Және министрліктің заң бойынша қандай форма киетіні туралы стандарттары бар ғой. Сол стандарттарды да ұстануымыз керек», — деді Қошанов.

Фото: gov.kz