Мамандыққа нық қадам!
Алматыдан жолданған Жас тілші куәлігі баянауылдық тілшіміз Ақбөпеге жетті. ІІ-тоқсанның алғашқы күні А. Молдашева үшін ерекше есте қалатын болды. Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Е. Бекмаханов мектебі оқу ісінің меңгерушісі Мурсалова Айнагүл Ілдебайқызы жас тілшіге игі тілектерін айтып, оқушылардың жалпы жиналысында куәлікті табыстады.
Ақбөпе оқитын 11-сыныптың жетекшісі — Ақылбекова Арайлым Шакманқызы.
Ақбөпе мен Айнагүл Ілдебайқызы