Media саласының үздіктері болсын дейміз!

Сурет: https://dknews.kz/ сайтынан алынды.
Заман ілгері жылжыған сайын адам өміріне енген жаңа технологиялардың дамуы журналистика кеңістігіне де жаңа бағыттар алып келді. Цифрлық журналистика, мультимедиалық журналистика, онлайн-журналистикамен қатар жасанды интеллектпен жұмыс істеу саласы, мибилография мамандығы кеңінен қолдана бастады. Жаңа бағытардың дамуы мектеп түлектеріне журналист мамандығын таңдауға қызықтыруда. Иә, қазіргі журналистика бұрынғы журналистикадай қолыңа қалың дәптер, диктофон, фотоаппарат ұстап, ауыр видеокамераларды арқаламайсың. Гаджеттерді пайдалана отырып, медиа саласын меңгере беруге болады.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшілеріне Ақ жол тілей отырып, болашақта Media саласының үздіктері болсын дейміз!
Басылымдарымызда бүгінгі күннің өзекті мәселелерін дөп басып, ойларын ақ қағаз бетіне түсіріп келе жатқан мектеп оқушыларын «Жас тілші» атануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Толғанай ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ —Алматы қаласы Білім Басқармасының Алатау ауданы бойынша
«№26 ЖББМ» 11 – сынып оқушысы.
Мадина ҚАНАТҚЫЗЫ — Шымкент қаласы, ЖШС«Қазыбек» ЖББМ-нің
11«А» сынып оқушысы
Айдана КОПЖАН — Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, «№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының» 10 «Б» сынып оқушысы
Жетекшісі:Көздіғарина Рита — Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Нұрайна ТАҢАТАР — Атырау облысы, Құррманғазы ауданы, «Абай атындағы жалпы орта мектебінің» 10-сынып оқушысы.
Жетекшісі: Айдана Әділханқызы — Қазақ тілі мен әдебеиеті пәндерінің мұғалімі.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен
www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының редакциясы





