«Мектептетегі оқу-тәрбие жұмысын бүгінгі заманға лайық ұйымдастырудың маңыздылығы»

  «Қазақстан Республикасының тәрбие жүйесінің мақсаты – оқушылардың жеке тұлғалық сапалығы, қазақстан патриоттылығы, гуманизмі және жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру». 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

        Еліміздің «Білім туралы» Заңында айтылған қағидаларды басшылыққа ала отырып, мектебімізде оқу – тәрбие жұмысын нақты жолға қоюдың жолдары әр жылдың жаңа оқу жылы қарсаңында жан – жақты талқыланып, құрылады.  Мектеп ұстаздары мен шәкірттер арасында оқу жылы бойы атқарылатын  іс – шараларды ұйымдастыруда оқу – тәрбие жұмыстары арнайы ережелерге сәйкес құрылуы қажет.  Тәрбие  – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез — құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі үрдіс. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады. Жасөспірімдер арасында тұлға қалыптастыруда халықтық педагогика негіздеріне сүйене отырып, бүгінгі заман талабына орай тәрбие жұмыстарын жүйелеуді жаңа ғасыр білім беру саласы ұсынып отыр.

«Педагогикалық ұжымның оқу — тәрбие жұмысының сапасын артыру бойынша іс п — әрекеті» жоспарын жүйелі түрде жүргізудің тиімділігі білім сапасының артуының нәтижелі болуында. Мектептегі ұстаздар біліктілігінің жемісі – оқушылардың білім деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Педагогтар ұжымында бірлік, жауапкершілік пен өзара сыйластық орнықса, Білім заңы үдесінен шыққаны. Ұстаздарымыздың ұйымшылдығы шәкірт тәрбиесі мен білімінің – айнасы. Әр педагогтың пәні бойынша жеке біліктілік шеберлігі «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының орындалуына қосып келе жатқан үлесімен өлшенеді.

Оқу жылының стандартқа сай аяқталуына мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы басталар шақта дұрыс әрі  нақты құрылған оқу – тәрбие жұмысын тиянақты үйлестірілуінде деп білемін. Бұл —  директорының оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеті. Осы орайда, өз міндетіме кіретін білім сапасын жақсартудың негізгі үш бөлімін атап өтейін.

  1. Оқу – тәрбие жұмысының жылдық жоспарының қорытындысы негізінде іске асырылмаған мәселелерді анықтап алып, келесі оқу жылына мектепішілік жоспарға енгізіледі.

Оқу жылына арналған жоспарлы істеріміздің келесі жылға қалып қоюы мүмкін емес. Дегенменде, кейбір шаралардың келесі оқу жылына ауысып отыратынын ескере келе тілге тиек етіп отырмын. Жоспарымызда көрсетілген қағидалардың барлығы дерлік орындалады. Мектептің жылдық жоспарының мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізілуге тиіс шаралар құрайды. Бұл шаралар бірнеше тарауларға бөлініп, қаралады. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс — әрекетіне арналған. Айталық, жаңа оқу жылы басталар сәттен бастауыш, орта және жоғары сыныптың оқушыларын тізімдеу, жаңа келген оқушыларды орналастыру, олардың түгел сабаққа келуін қамтамасыз ету қарастырылады. Балаларының күнделікті сабаққа қатысуын бақылап, ұстазбен өзара байланыс орнату – әр ата — ананың басты міндетінің бірі екенін баса айтқым келеді. Бұл ретте сынып жетекшілерімен, бастауыш сыныптың мұғалімдері арасында ынтымақтастық қарым – қатынасы аса қажет. Яғни, ата – ана ұл –қызының сабаққа қатысып қана қоймай, үлгілі оқуына уақыт бөлуі қажет. Ал, мұғалімдер болса, сыныбындағы, өз пәнінен өткен дәріс кезіндегі оқушыларының қызығушылығын арттырып, олардыың қабілетінің арттыруына қолдау көрсете білуі маңызды.Сонымен қатар, денсаулығына байланысты үйден, емдеу мекемелерінде оқитын балаларды оқыту мәселесін бақылауға алынып, сабақ беретін ұстаздардың күнделікті  сабақ жоспарларын тексеріледі. Денсаулығы күнде мектепке келіп оқуға жарамайтын оқушылар арасында мектепте өтетін шаралардың тақырыбына орай, сырттай қатысуын қамтамасыз етіледі. Ерекше балалардың адамды дарынымен таң қалдыратын сәттері аз емес. Сондықтан, оларды да мектепте өтетін шаралардын тыс қалддырмаймыз. Олар да қоғамның бір мүшесі.

  1. Мектепішілік бақылау. Апталық және тоқсан қорытындысында төмен сапа көрсеткен сыныппен, пән мұғалімдерімен жеке жұмыстар атқару.

Тәуелсіз мемлекетімізде адам мен оның құқықтарын қорғау – басты міндеттеріміздің бірі. Осы қағидаға сүйене отырып, мұғалімге әдістемелік көмек көрсетеміз. Білім саласындағы  төмен көрсеткіш, мектептің тұтас білім сапасына үлкен әсер етеді. Мәселен, оқушыны алайық, оның үлгере алмаушылығы неде? Бұл сұрақ бойынша міндетті түрде ата – анамен сөйлесу қажет. Көп ретте ата – аналар жұмысбастылықтан отбасында балаларының үй тапсырмаларын дұрыс орындауына  уақыт жеткізе алмай қалатыны рас. Сондықтан, ата – анамен жұмыс бірінші кезекте. Оқушы білімінің төмендеп кету себебін ата – ана, бастауыш сынып мұғалімі, сынып жетекші мен пән мұғалімі өзара кеңесе отырып, баланы алға жетелеу жодарын бірлесіп қарастырады.

Бақылау дер кезінде орнатылғанда, кемшілік тез орнына келетінін оқу – тәрбие жұмысы дұрыс жоспарланғанда байқадық. Бақылау – педагогтың де, оқушының да босаңсуына жол бермейді. Бақылау – ұстаздарға рухани қолдау көрсету болса, оқушы үшін алға жетелеу, ата – анаға мектеппен байланысты үзбеуі. Білімді ұрпақ тәрбиелеу – мектептің ғана емес, ата – ананың да жауапкершілігінде. Ата – ана, оқушы және мұғаліммен жеке сөйлесу нәтижесінде оларды қатардан қалдырмауымыз қажет. Бақылаудың тиімділігі – үштік топтың өзін  – өзі ширатуы.

  1. Пән мұғалімдеріне үнемі әдістемелік қолдау көрсетіліп, қолайлы орта қалыптастырылса, білім сапасының нәтижелі болатыны ақиқат.

Білім саласындағы жаңашылдықты, жаңа бағдарламаларды тәжірибеге енгізуге байланысты көптеген жаңа әдіс – тәсілдер ұсынылуда. Олардың қай – қайсысы да жаңа технологияларды пайдалан отырып, сабақ өтілуін талап етеді. Сол себепті, әдістемелік пән бірлестіктері арқылы әр ұстазға әдістемелік көмек көрсетіледі. Мектеп ұстаздарының білім  мен тәрбие берудегі жеке тәжірибелері жас мұғалімдерге таратылады. Басқа мектеп мұғалімдеріне  ашық сабақтар, конференция, пікірталас, сұхбат сабақтарын өткізіп, тәжірибе алмасады. Жаңа тәсілдерді сабақта игерудің жолдары талқыланады. Оқушының жеке қабілетіне қарай атқарған жұмыстары туралы ой бөліседі.

Қай ұжымды алсақта, сол саланың ілгерілеуіне, жаңашыл бағытты қабылдап, орындалуына – бірлік пен сыйластық, өзара түсіністік қасиеттері арқылы жетістікке қол жеткізеді. Мектеп ұстаздары да бастауышта, орта және жоғары сыныптың пән мұғалімдері білім берудегі жетістікке жету үшін өз пәнін оқытудың тиімді бағыттарын пайддаланып, оқушылардың белсенділігін арттыру арқылы жетеді. Ұстаз еңбегінің бағалануы – шәкірт білімінің сапасы. Пәнге арналған түрлі байқауларда, жарыстарда оза шауып, алдыңғы саптан көрінуінде. Олардың әрқайсысын тұлға деп қарап, пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап беруге уақыт табуында. Осы айтылған пікірім арқылы біздің мектеп мұғалімдерінің талапқа лайық білім беруі үшін қолайлы орта орныққанын айтпақпын.

Мектептетегі оқу — тәрбие жұмысын бүгінгі заманға лайық  ұйымдастырудың маңыздылығы туралы айта келе, ойымды түйіндейін.

     Жұмыстың ғылымилығы.  Мақсаты айқын болған ортада орныққан ұйымшылдық барысында мектептің әр мұғалімі белгілі бір жетістіктерге жетеді. Оқу жылы басталғанда құрылған жоспар үйлесімін тапса, мақсатты жоспар міндетті түрде орындалып, жүйелі жұмыс істеудің нәтижесі көрінеді. Жылдық жоспардың орындалуы бақылаудан тыс қалмағанда ғана, кемшіліктер, түсінбеушілік пен күтпеген проблемалар болмайды. Мектептің оқу – тәрбие жұмысын құруға мектеп әкімшілігі мен ұстаздар, сынып жетекшілер, басқа да қызметкерлер толық қатысуы қажет.  Жоспар – ұжымдық шығармашылықтың жемісі.

БАКИЕВА  Наргиз  Османжановна,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«Еңбек орта мектебі — Өрнек бастауыш мектебімен» КММ

директордың оқу — тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.