Мемлекет басшысы Ерсін Балтағұлды қабылдап, оны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Сурет Ақорда сайтынан алынды

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда сумо спортынан жоғары жетістіктерге жетіп жүрген отандасымыз Ерсін Балтағұлды қабылдап, оны II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Ерсін Балтағұл — Жапониядағы кәсіби сумо аренасында өнер көрсеткен тұңғыш қазақ балуаны. Алматы қаласының тумасы, Жапониядағы Нихон университетін тамамдағаннан кейін Кимбодзан Харуки бүркеншек есімімен танылған Ерсіннің бойы 195 сантиметр, салмағы 178 келі.

Президент кездесу барысында желтоқсан айында Жапонияға жасаған ресми сапары кезінде Император Нарухитомен Ерсін Балтағұл туралы әңгімелескенін атап өтті.

  • «Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін», — деді Мемлекет басшысы.

Сумо — Жапония мемлекетінде алдыңғы қатарлы дамыған ұлттық спорт түрі. Қазақстандық Ерсін ағаның Астанаға келуі бірқатар спорт сүйер ұландарға ой салды десем, артық айтқандық емес. Сумо спортының тарихы, жеңімпаздары қызықтырып, ақпарат көздерін ақтара бастадым. Сумоның тарихы VII-ғасырдан бастау алған екен. Сумошылар жарысқа шыққанда, мақсаты арнайы шеңберден қарсыласын итеріп шығарады, не  жерге тигізгенше күш сынасады. Сумоға таңдалатын үміткердің бойы ұзын, салмағы әдеттегіден ауыр болуы керек екен. жастайынан үздіксіз дайындықтан өткен спортшы ғана қарсыласымен татамине шығады. Татами – сумошылардың боз кілемі. Дене салмағы ауыр сумошы белдескенде, жеңіске жетеді.  Қызықты мәліметтерді оқи отыра, .[1]1650 жылы биіктігі 225 см., салмағы 115 килі келетін Девагтаке есімді балуанның белдескені жазылған. .[1]

Мемлекет басшысымен кездесуінде Ерсін Балтағұл Қазақстанның абыройын шетелде асқақтату — басты мақсаты екенін айтты. Сондай-ақ ол отандасымыз Михаил Шайдоровты тарихи жеңісімен құттықтады.

Кездесу соңында Президент екі ел арасындағы достықты нығайтуға қосып жүрген үлесі үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруына тілектестік танытты.

Содан кейін кәсііпқой сумошы Ерсін Балтағұл жас спортшы және палуандармен кездесіп. Олар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, тіжірибесімен бөлісті.

Айта кетейік, өткен жылы Ерсін Балтағұл Император кубогында белдесіп, сумо балуандарының ең жоғары дәрежелерінің бірі — «маэгашира» атағын иеленді. Сонымен қатар жарыс қорытындысы бойынша Канто-се арнайы жүлдесін алды.

Алғаш рет отандастарымыз Ерсін Балтағұлдың жетістіктері туралы өткен жылы Өркен Кенжебектің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы, Сырымбек Таумен Токиодағы қатысқан ірі сумо жарысынан кейін ести бастады.

Дінмұхаммед АХАНОВ,

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі 11-сынып оқушысы.

Өскемен қаласы

.[1] https://kk.wikipedia.org/wiki; https:/

Сурет:/sportpress.kz/archive