Мен оқыған ертегі

                        Қасым – Жомарт Тоқаев,

                  Қазақстан Республикасының Президенті 

    «Шын мәнінде, кітап оқу – рухани кемелденудің көзі десем артық емес. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Жалған деректің, шындыққа жанаспайтын қауесеттердің де тез тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан, мұндай жағдайға мейлінше жол бермеу үшін алтын уақытымызды осындай пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн».                          

    Мемлекет басшысы бар ғибрат пен тәлім кітапта екенін айта келе, қазақ әдебиетінде жарық көрген 30 кітапты оқуға ұсынды. Атап айтсақ,  Абай Құнанбайұлының өлеңдері, қара сөздері; Әбу Насыр Әл Фарабидің философиялық тарактаттары; Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»эпопеясы; Әбіш Кекілбаевтің қазақ елінің тарихи шежіресін жырлайтын тамаша туындысы —«Үркер» және т.б шығармалары; Ілияс Есенберлиннің шығармалары; Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді»әңгімесі; Әбді-Жәміл Нұрпейісовтың шығармаларымен қатар басқа да көрнекті жазушылардың туындыларын атап айтты.  Аталған шығармалардың бірқатары біздің кітапхана сөрелерінде бар. Шығармаларды ұстаздар мен оқушылар алып оқуда.

  Кітапхананың міндеті қашанда оқырмандарын кітап оқуға дағдыландыру болып қала береді. Көпшілік тарапынан әсіресе балалар мен жасөспірімдерге келгенде, «Балалар кітап оқымайды. Оқитын кітап жоқ. Интернетте бәрі бар» деген пікірлер айтылып жатады. Мен кітапханашы маманы болғандықтан, балаларға ес білген кезінен кітап оқуды дағдыға айналдыруымыз қажет деп айтар едім. Ұлттық тәрбиенің қайнар бастауы да – кітапта. Кітап сөзі арқылы оқығанымызды, түйгенімізді баламызға ертегі, өлең, ән түрінде жеткіземіз.

   Балаларды кітап оқуға машықтандыратын шақ – мектепте, бастауыш сынып оқушыларымен бірге жұмыс істеуден басталады. Оқушы балабақша жасынан көп ертегі тыңдап өссе, ертегіні өзіне айтқызса, тіл байлығы артып, пәндерді де тез меңгеріп кетеді. Жастайынан кітап оқуға жандүниесімен қызыққан бала, кітапханаға үйір келеді. Шағын әңгіме, ертегіні жылдап оқитын бала бірте бірте көлемді шығармаларға ден қояды. Ғұлама – ғалымдардың көпшілігі кітап оқудың пайдасы туралы даналық сөздерін ұрпақтарына – бүгінгі біздерге арнаған. Ойшылдардың айтқан даналығы өшпей, ғасырларға ұл – қыздарымыз арқылы жалғасатыны сөзсіз. Себебі, олардың қай – қайсысы да бала кезден көркем әдебиетпен дос болып, есейген жандар.

   Әлемдік деңгейде кітапты бала жастан көп оқыған адамдар туралы мынадай бір қызықты мәліметтер бар. М. Горький минутына 4000 сөзоқыған; Француз жазушысы Оноре де Бальзак жарты сағатта 200 беттік романды оқыпбітіретін болған;  Жазушы, кітаптанушы Н. А. Рубакин ұзын саны 250 мың кітап оқыған;Наполеон минутына 2000 сөз оқыған; Томас Эдисон бір мезетте кітапты 2-3 қатардан оқығанекен.  Қазіргі кезде кітап оқудан алдына жансалмайтын өрендеріміз бар. Кітап сүйер қауымныңжанашырлығымен қаншама құнды кітаптар бізге дейін жетіп, бүгінде музейлерде сақтаулы тұр.

     Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев өз заманында «Мен жастарға сенемін!» — деп аманат арқалатты. Жаңа ғасыр ұландары бабалар сенімін ақтайтынына сенімдіміз. Біздің ауылдағы «Ақтоғай» орта мектебінде де талантты, әр қайсысы өзге ұқсамайтын білімі, тәрбиесі мен дарындылығымен ержетіп келе жатқан өрендерімізге зор сеніммен қараймыз.Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген шаралар өткізуде. Ұстаздармен бірлесіп өткізетін шараларға барлық сынып оқушылары қатысады. Кітапхана жоспарына сәйкес, әр сынып оқушыларына  жас ерекшелігіне байланысты тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Оқырмандар тапсырмағасәйкес берілген тақырып аясында шараны түрлендіріп, әсерлі, мазмұнды етіп өткізуге ұмтылады.

    «Кел, балалар,оқылық!» атты бастауыш сынып оқушылары арасында өткен сайыста, «Мен оқыған ертегілер» атты тақырыбы бойынша оқырмандар өздері оқыған, білетін ертегілері туралы айтып өтті.  Сайысқа 2- 4 сынып оқушылары қатысты.Мақсатымыз ертегілер оқу арқылы балалардың тіліндегі сөздік қорын молайту, ой өрісін,дүниетанымын кеңейтіп, ана тілімізде таза сөйлеуге машықтандырып,  ойлау қабілетінің жан жақты дамыту. Ертегілер арқылы балаларды ізгілікке, білімділікке, адамгершілік пен достыққатәрбиелеу. Сайысқа қатысқан оқушылар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды. Белсене қатысқан оқушылардың суреттері көрменің тақтасына ілінді. Кітапханада өткізілетін түрлі іс шаралар жыл бойына жалғаса береді.

 

                                            ОШАҚБАЕВА Мейіркүл Арпабекқызы,

                                                                                 «Ақтоғай» орта мектебінің

                                                                                          кітапхана меңгерушісі

                                                                        Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,