«Мен әрқашан өзімді қорқақ деп санайтынмын»…

«Мен өзімді әрқашан қорқақ деп санайтынмын. Балалық шағымдағы естеліктерімнің көпшілігі қорқынышпен байланысты: мен басқа балалардан қорқатынмын, жарақат алудан немесе ұялудан, әлсіз болып көрінуден қорқатынмын. Бірақ мен ең алдымен әкемнен қорықтым»,-деп Уилл Смит өзінің «WILL» атты кітабының «Қорқыныш» деген бөлімін осылайша бастайды.
Уилл Смит — американ актері, хип-хоп орындаушысы. Екі «Оскар сыйлығы», төрт «Алтын глобус» және бірнеше «Грэмми» сыйлықтарының иегері. «Қара киімділер» (Men in Black), «Бақытқа ұмтылу» (The Pursuit of Happyness), «Әли» (Ali), «Аладдин» (Aladdin, 2019) атты керемет туындыларда басты рөлдерді сомдаған.
«Сіз білетін «Уилл Смит», — өзге ғаламшарлықтарды жоятын рэпер, танымал киноактер, — бұның барлығы көп жағдайда өзімді қорғап, жасырыну мақсатында мен арқылы шығарылған кейіпкерлер. Әлемнен жасырыну үшін. Қорқақ адам екенімді жасыру үшін. Әкем менің қаһарманым болды», — дейді актер.
Уилл Смит әлемге мықты харизма және әзілдерімен, көптеген киноларындағы кейіпкерлерімен таныс. Алайда сіз білемін деген актер, нағыз бейнесін көрсете бермейді. Өзінің өмірбаяны туралы кітабында ол – басқалар секілді, «Мен пәлен-шүген деген жерде дүниеге келгенмін…» деп бастамайды, керісінше кішкентайынан әкесінен көрген қорлықты айта отырып, ары-қарай қандай адам болғандығын сараптайды. Яғни, Нағыз Уилл Смиттің бейнесін ашады.
«Менің қиялым – дарын, және ол менің жұмыс істеу қабілетіммен үйлескенде, аспаннан ақша жауа бастайды. Анам менің қиялымды (және жақсы оқушы болғанымды) әрқашан жақсы көретін. Оның маған деген көзқарасы біртүрлі. Ол менің ақымақтығымды жақсы көреді, бірақ менің ақылды болғанымды талап ететін».
Бұл сөздер арқылы Уилл өзінің ең мықты қабілеті — оның қиялы екендігін атап өтеді. «Фантазия — психологиялық дамудың табиғи бөлігі. Бірақ жасымыз ұлғайған сайын біз армандауды біртіндеп тоқтатамыз, себебі нақты әлемде өмір сүру армандарымызға бой алдырғаннан гөрі маңыздырақ екенін түсінеміз. Біз басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды үйренуіміз керек, оқуда және жұмыста табысқа жету үшін мақсаттар қоя білуіміз қажет, материалдық әлемде аман қалып, тіршілік үшін күресуіміз керек. Ал егер сіз шындықты жеткілікті түсінбесеңіз, бұл қиынға соғуы мүмкін. Сондықтан біз бәріміз шындық пен қиялдың арасын ажыратуымыз керек. Кейбір адамдар бұған соншалықты шебер, өкінішке орай, ересек болған кезде олар материалдық әлемнен басқа нәрсені қабылдау қабілетін жоғалтады.
Бірақ қандай да бір себептермен бұл менің басымнан өткен жоқ. Мүмкін, мен мұны істеуден бас тарттым, себебі қиялдарым мені әлемнен қорғады» .
Уилл өміріндегі бар ауыртпалықты қиялдаумен жасырып өмір сүрген. Әкесінен қорыққына сонша, әкесі анасына қол көтерген сәтте ештеңке істей алмай бір орында тұрып қалатын. Оның ағасы Гарри болса, анасын қорғау үшін қолынан келгенінің бәрін істеуге тырысқан (небәрі 6 жаста болсада). Осы екеуінің де әрекеттері алдағы уақытта олардың қандай адам болатындықтарын көрсеткен еді.
Уилл Смит өзінің болашақ мансабын ең алдымен рэпер болудан бастағандығын көбісі біле бермейді. Кішкентай кезінен Уилл рэпке қатты қызығушылық танытқан. Тіпті оның лақап аты: The Fresh Prince болған. Ұйқас өлең шумақтарын лезде, әрі мағыналы етіп шығарғанда, оған жетер ешкім болмады. Осы қабілеті арқасында басқа балалардан ерекшеленетін. Өмірінде қуанышты сәттермен қатар, сәтсіздіктерде болды. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы қазіргі Уилл Смитті қалыптастырды.
Актерлік мансабын кейіннен ғана бастады, шамамен 1990 жылдан. Ең алғаш «Беверли-Хиллз ханзадасы» (The Fresh Prince of Bel-Air) телехикаясында басты рөлді сомдаған. Кейіннен өзінің атақты кейіпкерлері сомдайтын киноларда басты рөлді ойнаған. Осылайша жетістіктеріне айқын һәм нық қадамдармен жеткен болатын.
Өз әкесінен қорқып, кейін қаһарманым деген себебі, әкесінің арқасында өмірдің қиын сәттеріне төзе білді, кейін әкесі Уиллдің негізгі мақсатын түсініп, баласын мойындап, кешірім сұрады. Сол кезде ғана Уиллдің жүрегі жібіп, әкесі неге қатал болғандығын енді түсінді.
Уилл Смит – тек қана танымал актер емес, ол нағыз шынайы келбетін көрсетуден жасқанбайтын, батыл әрі аңыз тұлға, мейірімді, қамқор әке және шын сүйетін жан-жар. Уиллдің осылай нағыз өмірі мен шынайы өзін көрсетуі – көп танымал адамдардың қолынан келе бермейтін нағыз батыл һәм ержүрек әрекет.
ҚҰРМАШ Жайна,
Алматы қаласы, Медеу ауданының
«172 мектеп – гимназиясының» 11 сынып оқушысы
Қолданылған дерккөздер:
Марк Мэнсон «WILL» кітабынан
Сурет: https://rus.team/people/uill-smit-will-smith





