«Менің атым — Қожа» повесінен үзінді
Бердібек Соқпақбаев артына өшпес мұра қалдырған қазақ прозасының алыбы
Балалық шағы қараңғы болса да қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы,балалар әлеміне өзгеше өрнек,ғажайып сыр — сипат әкелген тұлға. Өмірінің соңғы кезеңіне дейін балалар әлеміне өзгеше повестерін,әңгімелерді дүниеге әкелген адам.
Бүгінгі күні, біздің заманымызға жеткен «Менің атым — Қожа» повесі балалар әлемінің бір бөлшегі.Балалар атамыздың шығармашылығын ары қарай оқып, даму үстінде.
Қазіргі таңда, Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылының Сәрсенбай Бейсембетұлы атындағы орта мектебінің жас ұрпақтары атамыздың шығармашылығынан толық хабардар. Оның өмірі, шығармашылығы қандай екенін бастан — аяқ біледі. Соған орай,мектеп ұстаздары балаларды атамыздың осы повесінен «Халқын сүйген қаламгер» атты байқау ұйымдастырды.
Қожаның бастан кешкен оқиғалары мен мектептегі қызықтары,сонымен қатар айналасының оған деген көзқарасы да айқын жеткізіледі. Құрбыларымыз де өз рөлдерін тамаша сомдады. өрген көрерменнің көзайымы болу аса үлкен мәртебе. Балалар, Бердібек атамыздың өлең шумақтарын да тізбектеп айтып бергені мәлім.
Топтарға арнайы сұрақтар қойылып,барлық қатысушы дұрыс жауап бере білді.
Повестің мазмұнына орай қандай ой түйеміз? Біз балаларды атамыздың шығармашылығынан хабардар бола отырып, сонымен қатар, тәрбиелік мән алса дейміз.
Оқушылардың атынан осы байқауды ұйымдастырған кітапханашы Ләззат апайға, ұстаздарға,білімділерге алғыс білдіреміз!
Атамыздың әруағы қолдасын!
Маратқызы Құндыз,
«Farabi shakirti» журналының жас тілшісі