Мерейлі жасыңыз құтты болсын!
Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейтқазы Матаев 70 жасқа толды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ол «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қазақстан Журналистер Одағының басшысы Сейітқазы Матаев мерейлі 70 жасқа толған туған күнін атап өтуде, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Сейітқазы Бейсенғазыұлы 1954 жылы 31 Қазанда РСФСР Алтай өлкесінде дүниеге келген. С. Матаевтың әскердегі қызметінен кейінгі бүкіл еңбек жолы алдымен кеңестік, ал кейін Тәуелсіз Қазақстанмен байланысты. Әр жылдары кеңестік кезеңде ол ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің, сондай-ақ Қазақстандағы «Индустриальная Караганда» және «Известия» газеттерінің жеке тілшісі болды.
Сейітқазы Матаев Тәуелсіз Қазақстан президентінің бірінші баспасөз хатшысы болған. Ол 1991-1993 жылдары тәуелсіздіктің алғашқы күндерінде ел басшылығының ақпараттық саясатына жауапты болды. Сонымен қатар, 90-шы жылдардың бірінші жартысында ол Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметін басқарды.
1996 жылы ол Ұлттық баспасөз клубын, ал 2001 жылы Қазақстан журналистер одағын басқарды. Сондай-ақ, С. Матаев ҚазТАГ ақпарат агенттігінің алғашқы құрылтайшыларының бірі.
Сейітқазы Матаевтың есімі Қазақстан журналистері мен еліміздің журналистиканың мүдделерін қорғаумен тығыз байланысты.
Сейітқазы Матаевқа алдағы уақытта да ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілей отыра шығармашылық табыстар тасқынын тілейміз.
Априза АЙТБАЕВА,
«Қазақстанның құрметті журналисі».
Алматы
Сурет: Қазақпараттан алынды