«Министрге хат» бастамасына үн қосқан шәкіртпен кездесу

Бейсембаев Ғани Бектайұлы

Оқу-ағарту министрі:

Кеше мен үшін аса маңызды әрі айрықша жүздесу болды. Әр оқырманымның есінде болар, осыдан біраз уақыт бұрын «Министрге хат» атты игі бастама көтерілген еді. Бар-жоғы бір айдың ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалардан 235 хат түскенін айтқан болатынмын.

Әр хатты оқыған сайын шынайылыққа, мейірімге, үмітке толы балалық шақтың үні естілгендей еді. Солардың ішінде бір хат менің жанымды айрықша толқытқанын білесіздер. Жазған әр жолынан өмірге деген құштарлық пен рух биіктігі сезілгендіктен, мен бұл хаттың авторымен жеке жүздесуді жөн көрдім. Осылайша, Тараз қаласындағы №66 мектептің оқушысы Артем Погореловты елордаға арнайы қонаққа шақырдым.

Артем де еліміздегі 3,9 миллион бала сияқты жаңа оқу жылын асыға күткен өрен. Ол әңгімесін бастаған сәттен-ақ мектебін, ұстаздарын, достарын қалай сағынғанын ерекше шабытпен жеткізді. Оның тағдыр жолында кездескен қиындықтарға мойымаған қайсарлығы, ойының сергектігі мен болашаққа деген сенімі маған ерекше әсер етті.

Биыл Артем сегізінші сыныпта оқиды, әр ойын саралап, сөзін салмақтап жеткізетін парасат иесі болып өсіп келеді екен. Қазақ тілін ерекше сүйіп оқитынын мақтанышпен айтты. Ұлттың ұлылары Абай мен Мұқағалидың жырларын жатқа оқып қана қоймай, қазақ классиктерінің шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау туралы идеясымен мені қуантты әрі таңғалдырды.

Оның зеректігіне тәнті болып, Абай және халқымыздың тарихынан сыр шертетін шежірелі кітаптарды сыйға тарттым. Ал қазақ үшін киелі қара домбыраны ұсынған сәтте, Артемнің қуанғанын байқадым, ол көптен бері домбыра тартуды армандап жүрген екен.

Сол күні біз әке мен баладай сыр бөлістік. Артемнің ұстаздарына деген шынайы ілтипаты, болашаққа деген үміті мен жігері жанымды жадыратты. Үздіксіз қасымда жүрсе де, бір сәтке де байыптылығынан танбаған Артем қоштасар сәтте «Уақытыңызды бөліп, мені тыңдағаныңыз үшін рақмет. Бұл менің өмірімдегі ең маңызды кездесулердің бірі болды», – деді. Бұл сөздер менің жүрегімде мәңгілікке сақталары анық.

Артем, балам! Шын жүректен сөйлеп, жас ұрпақтың саналы, парасатты, жігерлі екенін өз үлгіңмен дәлелдегенің үшін, болашаққа арнаған биік мақсаттарыңмен бөліскенің үшін, аға буынға сенім артқаның үшін саған алғыс айтамын. Біз сендердің сол сенімдеріңді ақтау үшін және жарқын болашақтарыңды қамтамасыз ету үшін бүгін де, ертең де бар күшімізді саламыз.

Акция аясында келіп түскен хаттардың барлығына дерлік жауап берілуде. Ал кейбір хат иелерімен мен өңірлерге жұмыс сапарымның барысында жеке кездесіп, сұқбаттасуды жоспарлап отырмын.

Қорытындылай келе, Артемнің бойына еліміздің түп тарихына деген құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіре білген ұстаздарына айрықша алғысымды білдіргім келеді.

*** Накануне для меня состоялась по-настоящему особенная встреча. В начале лета мы запустили акцию «Письмо министру» и за месяц получили 235 писем. Все они были трогательными, искренними и по-настоящему добрыми. Но одно из них я запомнил сильнее всего.

Как и обещал, мы встретились в столице с Артемом Погореловым, учеником школы №66 города Тараз. В жизни Артема, как и у 3,9 млн казахстанских ребят, скоро наступит новая школьная пора. Но у него свой, особенный путь. Несмотря на непростую судьбу, он удивляет внутренней силой и зрелостью мыслей.

В этом году Артем переходит в восьмой класс, и одним из любимых его предметов является казахский язык. Во время нашей встречи он прочитал мне творчество Абая Кунанбайулы и Мукагали Макатаева, а затем предложил идею, которая заслуживает внимания – провести чтения известных литературных произведений казахских классиков. И здесь я хочу поблагодарить его учителей, именно они сумели передать любовь к своей истории.

В знак нашей встречи я подарил Артему книги о великом Абае, истории Казахстана и домбру. Он с улыбкой отметил, что теперь, имея свой инструмент, сможет быстрее научиться на нем играть.

Наш разговор получился по-настоящему теплым и душевным. Я не переставал радоваться его словам, полным уважения к учителям, желания стать достойным гражданином своей страны, непоколебимой вере в будущее. Его тихое «Спасибо, что нашли время. Для меня это многое значит», сказанное на прощание, надолго останется в моей памяти.

Артем, еще раз благодарю тебя за этот день, за искренний разговор и за веру в то, ради чего мы работаем – в вас, образованное и целеустремленное молодое поколение.

Все письма, которые мы получили в рамках акции, уже обработаны. Ответы направляются авторам, а с некоторыми ребятами я планирую встретиться лично во время поездок по регионам.

Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының

https://www.facebook.com/share/p/16tmSm2FqZ/?mibextid=wwXIfr

әлеуметтік парақшасынан алынды.