Өмірге деген ғашықтық…

«Отбасы Хрестоматиясы» — мақаламның арқауы.

  Логотерапия адамның жанын түсінетін ілім екен.

          

Адам баласы дүниеге келгеннен кейін, оның өмірдегі басты миссиясы –ғибратты ғұмыр кешу, жақсылық жасау, жүректі жылылыққа толтыру. Бұл олай емес, әр адамның қолынан келе бермейтін іс қой дейтін шығарсыздар? Бірақ мұның  жауабын да қазірде кітаптан таптым…

Шынында қазір адамдарда барлық мүмкіндіктер бар. Бірақ білесіздер ма, кейбір кездерде адам бәрінен шаршап жаны бір өзгеше  өзгерісті қалайтындай кейіпке енеді… Адамның материалдық жағдайында бәрі дұрыс, бәрі бірқалыпты, жұмысы орнында, бірақ сонда да бірнәрсе жетпейтін секілді сезім… Менің өмірімнің мәні не, мен не үшін, кім үшін өмір сүріп жатырмын деген алуын сынды сұрақтар… Адамның өмірге деген талпынысының бір мезетте-ақ жоғалуы. Мейлі ол оқушының сабақ жайында ойы болсын, егде жастағы отбасы мәселесі болсын бәрібір. Әйтеуір адамның жанында осындай күйзеліс болатыны анық. Кейде бір жан дүниеңе үңілген кезіңде шынында осындай сұрақтардың жауабын іздеп кетесің…  Менің дәл қазіргі бұл ойымды да әлемдік психологтар зерттеп, өз теорияларын айтып  айқын дәлелдеп кеткен екен.

Соның бірі бәрімізге танымал ағылшындық психолог Виктор Франкл Мықты психолог, мұсылман дінін қабылдаған әйгілі жазушы. Бір сөзбен айтқанда логотерапия ілімінің негізін қалаушы. Міне сол кісі өміріндегі осы ілімді практикада аша білді. Франкл ілімін кітапқа айналдырып, хрестоматияны оқырмандарға таныстырып жүрген автор Санжар Керімбай ағамыз. Қазірде  бастамасымен біршама  жандарға  көмек берген танымал «Отбасы Хрестоматиясы» қазірде менің осы мақалама арқау болды. Хрестоматиямен танысып, бастап оқығаныма жарты жылдай уақыт өтті. Ішінде шынында сабақ алатын, шынайы оқиғалар ойға салар мәселелер тым көп. Соның бірі әрі ауқымдысы «Өмірден мән іздеу» тақырыбы. Бұл дегеніміз логотерапияның бір бөлімі.

Логотерапияның не екенін, оның қандай ілім екенін Санжар ағамыз «Өмірге ғашық болу» кітабында кең көлемде қарастырған.

Кейде адам бала — шаға қамы, мал — жан деп адамдық қасиеттерге айтарлықтай мән бермей қалатыны жасырын емес. Тіпті рухани даму үлгісімен де шаруасы болмайды. Есейе келе ата-ана көмегіне зәру болмай, жер, үй,  мал — мүлік деп өмірінің, уақытының қалай өткенін сезбейтіндер де қаншама…Санжар ағамызда мұны осы кітабында өзі де мойындаған. Және осы бір еңбек еткен өмір кім үшін керек? деген жанын мазалаған  сұрақтың жауабын қаншама жылдар іздеумен уақытын өткізген екен. Сонда қараңызшы, шынымен бұл осындай ойландырарлықтай үлкен мәселе болғаны ғой… Сол үшін де әр адамның өмірінің мәні не, біз бен сіздің өмірдегі миссиямыз қандай деген сауалдар мені де мазалайды.

Кітапты оқи отырып өзімде сол сұрақтарыма жауап тапқандаймын. Әрі осы кітаптан түрте алған жауаптарымды сіздерге де таныстыруды дұрыс деп санадым. Мүмкін өміріңізге шынында оң әсерін тигізер.

Адам өмірінің мәні неде? Рухани білімнің өмірімізде маңызы қандай?

  1. Өмірдің мәні-ақша,байлық емес риясыз таза көңіл мен ниет.
  2. «Өмірден мән іздеу»туа бітетін мінез.Осы ізденіс пенденің бүкіл өмірінің болашақта қай арнаға ауатыныны анықтайды. Уақытша қызыққа алданып, ӨМІРДІҢ МӘНІН ЖОҒАЛТЫП АЛҒАН АДАМ, ауасыз бос кеңістікте жүрген ғарышкермен бірдей.
  3. Әр уақыт ширегінде өміріңнің мәнін өзің өзгертесің. Қарапайым ғана мысал, кішкентай баладан қазір не үшін өмір сүресің десе, ол өзінің футболын айтуы мүмкін. Таң қашан атады екен, ертең тұра салысымен ойын газонына барсам ғой, армансыз доп тепсем ғой деп армандайды. Әрине ол жастан өткен соң сол футболдыңда қызығы кететіні белгілі. Кейін есейген тағы бір ермек табасың.Бірақ оның ешқайсысы мәңгілік емес. Жәй ғана лап етіп жанып,қайта сөнетін жан құмарлығы… Осыны еске сақтаған жөн. Қатты беріліп бір нәрсені ұнатудың да,оны өмірлік миссияң етіп алудың да керегі жоқ.
  4. Бөтен жанды риясыз жақсы көріп,арланбай қызмет етіп,қажетіне жарағанда адам өзін тұлға ретінде қалыптастырады. Неғұрлым жұртқа көмектесіп, көңілін тауып,шаруасына жегілсе, соғұрлым адамгершілік қасиеті шыңдалып,тәуелсіз тұлғаға айналады. Бұл мысалым әрине құр сөз секілді болатын шығар бірақ бұл практикада расында дәлеледенген нәрсе. Бірақ,адамның ішіндегі пасықтық пен қызғаныш сезімін тәкәппарлығын осы жақсы теориямен жеңе алса,міне өмірдің рахаты осында.
  5. Лев Толстойдың айтқанындай «Балалықпен қоштасқан соң санада «Мен кіммін? Бұл өмірде не істеп жүрмін? Не үшін жаралдым?» деген сұрақтары пайда болады. Ал мен осындай сұрақтарың сеніңде санаңда оянса, жауап таба алатыныңа сенемін оқырман. Бастысы сен өзіңе сенуің керек. Өзгелердің пікірімен сенің таңдауың сәйкес келмесе оған мән берме. ӨМІРДІҢ МӘНІН шынайы түсінуге тырыс. Ешқашан өмір маған не үшін берілді? деген сұрақты есіңнен шығарма.
  6. Ал сен қазіргі бар өміріңе мәз болып,толысқан Ақордаларға аузыңды ашып отыра берсең, өткен шақта ғана өмір сүретін тірі әруаққа айналып кетесің. Сондықтан,өміріңнің мәнін өзің анықтап, арман — мұратыңды осы бастан өзің бекіт. Қол жетпейтін биік арман мен ғарыштық маңызы бар Ұлы МӘНГЕ қол созып үйрен. Өз өміріңде өзіңді сүйреп үйренбесең, сырттан көмек келмейді. Есіңде болар дүние ешкім саған еш уақытта көмек беруге міндетті емес. Сол үшін ешкімнен өз жақсылығың үшін қайтарым күтпе.
  7. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,адамдық борышың-адам ұрпағына қуаныш пен шаттық сыйлау. Өмірдің мәні-кез келген адамның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне материалдық жағдайына қарамастан жаның ашып, адам қызмет ету, соған марапат күтпестен шаттыққа шомылып жүру. Бұл Франклдың өлер алдында берген соңғы жауабы. Соңғы теориясы.Бірақ бұл өте қиын теория. Әр адамның практикада жасай алмайтын теориясы… Жүрегіңді сынайтын нағыз ілім.

Міне мен осы кітапты оқу арқылы адам жанына рух берер сөйлемдерді осылайша түртіп алдым. Оқырман керегіне жарасын, менің бастаған жаңа кітабым өзгелердің де жүрегінің жаңа бір жолға бұрылуына көмек болсын деген  болашақ журналист  ретінде қалаған ниетім ғой. Шынында бір білгенім, Логотерапия адамның жанын түсінетін ілім екен. Осындай жүрегіңді мазалап жүрген сауалдарды осыдан «Отбасы Хрестоматиясы» кітаптарынан тауып алуыңа әбден болады оқырман. Себебі, адамның рухани дамуы қашанда маңызды. Иә,теория бөлек, ал оны өз өміріңде практикада қолдану тіпті бөлек. Адам бір мезетте кітапты теорияны оқи сала періште болып кете алмайды ғой. Оны жүзеге асыру көп уақытты талап етеді. Сол үшін қашанда өзіңді қалыпты гармонияда ұста. Өз ішкі дауысыңа, жүрек қалауыңа үңіл. Бастысы өмірге келген миссияңды ұмытпа. Оны зертте қара, ал менің жоғарыдағы түрте кеткен теорияларым қызық болып, өмірлік миссияңды терең түсінгің келсе, өзім бастаған Санжар ағамыздың «Өмірге ғашық болу» кітабын оқуға толық кеңес беремін.

Ал  менің пікір айтуым жаңа бастамам болды. Келесіде логотерпияның нақты қандай ілім екеніне, жас буынға қалай көмектесе алатынына тағы да шолу жасармын. Әзірге мендегі осы, келесі кездескенше оқырман!

                         

 

 

 

 

 

Нұрай  САЙФУЛЛА,

                    Қызылорда қаласы, Жалағаш ауданы,

        Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейінің

                                                  11 сынып оқушысы