«Момақан қыз» романын оқыңыз

Шығарма адам бойындағы жақсы қасиеттермен баурап алады
Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, әдебиеттанушы Ақыш Нұрдаулет Бәбиханұлының «Момақан қыз» атты кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.
Шара мақсаты: өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әдебиетке, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті арттыру, көркем сөз, музыкалық өнер арқылы эстетикалық тәрбие беруді көздеді. Мерекелік шараны директордың музейлік менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары Арайлы Бақытқызы салтанатты түрде ашып, авторға ықылас-құрметін жеткізді.
Шараға қолдау білдіріп келген Қазақстан жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Б.Сарыбай,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәуле Досжан, ақын, А.Бөкейханов атындағы сыйлықтың лауреаты Б.Тобаяқов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, балалар жазушысы Қанат Қайым, №167 орта мектептің кәсіби бағдар беру маманы Г.А.Торыбаева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері PhD доктор Е. Қуатбек, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты А. Бектұрсын жазушының шығармашылығы төңірегінде тың деректермен бөлісіп, толағай табыс тіледі. Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледж студенттерінің концерттік бағдарламасы көңілді кештің шырайын келтірді.
Еңбектің авторы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Халықаралық ТүрікСОЙ медалінің, «Мәдениет саласының үздігі», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерінің, халықаралық «Жамбыл» және «Махамбет» сыйлықтарының иегері, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының, Жастардың «Жігер» фестивалінің жүлдегері, «Қазақстанның құрметті жазушысы», Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы.
«Момақан қыз» – адам бойындағы жақсы қасиеттерді бағалауға үйрететін, әсіресе жасөспірімдерге ой салатын шығарма. Шығарманың оқиғасы тартымды, тілі жеңіл. Бұл туынды жас қыздың мінезі, тәрбиесі, өмірге көзқарасы арқылы адамгершілік пен қарапайымдылықты насихаттайтын тәрбиелік мәні зор шығармалардың бірі.central_state_museum_of_kz — ҚР Орталық музейі сайтынан алынды





