Музей – мәдениеттің қайнары
Бүгінгі таңда Қазақстанда 154 музей бар. Солардың ішінде 14 музей Алматы облысы аумағында орналасқан. Есік қаласындағы «Алтын адам» музейі тікелей министрлікке қарайды екінші музей «Таңбалы»музей-қорығы. Ал, екі музей (Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейі және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы) облыстық Мәдениет басқармасына бағынышты. Қалған 11 музейдің жұмысын Алматы облыстық музейлер бірлестігі жүргізіп отыр. Біз бүгін Алматы облыстық музейлер бірлестігіне қарасты сол 11 мәдени ошақтың қал-жайы туралы әңгімелемекпіз.
Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматы облысы екіге бөлініп, облыс орталығы Қонаев қаласына көшірілді. Жетісу облысы өз алдына бөлініп шыққан соң, 2022 жылдың 1 қарашасынан бастап облыс аумағында қалған 11 музей «Алматы облыстық музейлер бірлестігіне» біріктірілді. Олар:
- С.Аронұлының әдеби-мемориалды музейі;
- Ү.Кәрібаевтың әдеби-мемориалды музейі;
- Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейі
- Анаға Құрмет музейі;
- «Батыр бабалар мемориалды» музейі;
- Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі;
- Есік археологиялық-өлкетану музейі;
- Шелек тарихи-өлкетану музейі;
- Кеген аудандық тарихи — өлкетану музейі;
- М.Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі;
- Балқаш аудандық тарихи-өлкетану музейілері;
Алматы облысының музейлері ең алдымен ата-бабамыздан қалған құнды жәдігерлерді жинақтау, сақтау, дәріптеу жұмыстарын кешенді түрде атқарып келеді. Ескіден жеткен бұйымдар туралы ғылыми зерттеулер жүргізіп, әр жәдігердің тарихи мәнін, маңызын өскелең ұрпақтың санасына сіңіруді басты міндеті санайды. Бүгінгі күні Музейдің іс-шаралары туралы баяндай келе, ең ауқымды облыстық шара ол бізде халықаралық «Музейлер түні» «Muzeu fest» атты концерттік фестиваль. Көрме құрылып музейлердің құнды жәдігерлері көрсетілді. Өскелең ұрпақтың халқымыздың тарихын мәдениетін, салт дәстүрін санасына сіңіру, мақсатында осы концерттік фестивальді эстрада жұлдыздардың қатысуымен кең көлемде атап өтті.
Ақын, жазушылармен кездесу кештерін өткізу мақсатында осы 2023 жылы «Поэзия патшалығында» атты циклді шара. Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби мемориалды музейінде бастамасын алды. Бұл іс-шараның басты мақсаты ақиық ақын, Мұқағали Мақатаевтың артынан өніп өскен шыққан көрнекті қаламгерлердің, есімін оқырман қауымға кеңінен таныстыру, шығармаларына насихат жасау. Сонымен қатар, кейінгі жас буынның алдыңғы буын ақын-жазушылардың өнегелі өмірі мен шығармашылықтағы ізденістерінен үлгі алып, болашағына бағдар жасауына мүмкіндік туғызбақ.
Келесі кезекте баяндайтын іс шаралардың бірі осы 2024 жылы 29 сәуір Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы және Алматы облысының әкімдігінің ұйымдастыруымен көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай, Анкара қаласына көрме қойылды. Көрмеде көрнекті жазушының архивті фотолары, арнайы Қазақстаннан жеткізілген киімдері, көзілдірігі, белбеуі, және басқа да қолданған жеке заттары таныстырылды.
Ендігі қозғайтын мәселелеріміздің, бірі музейлердің хал – жағдайы. Келесі айтатын мәселе, ол музей саласында еңбек ететін жас мамандардың жетіспеушілігі. Жестіспеу себебі, Алматы облысындағы музейлердің көбі Алматы қаласына жақын орналасқандықтан, жастардың басым көпшілігі, қаладан жалақысы жоғары жұмыс тауып алады да, музейге келгісі жоқ. Және де пәтер жалдап тұрғанға жалақының аздығы да жас мамандардың тұрақты қалуына мүмкіндік бермейді.
Бүгінгі күнде орталықтандырылған облыстық музей ғимараты салынбаған. Ендігі осы 2024 жылдың аралығында музей ғимараты салынады деген үміттеміз…
Автор сөзі: Бұл мақаланың авторы ретінде мұражай жұмысы туралы өз ой-пікірімді айтатын болсам, Музей тек бір ғана мәдени ғимарат емес, музей — ата — бабалардан қалған бағалы жәдігерлерді, көзінің қарашығындай сақтап, ел тарихын насихаттап, дәріптеп музей қызметкерлерінің еңбегі еленбей қалмауы тиіс деп ойлаймын…
Мұрат МҰСА,
«Алматы облысы музейлер бірлестігі» МКҚК
жаңа заман тарихының аға қызметкері