Нұртөре Жүсіп жеке жинағындағы бірқатар кітапты ауылдық мектептің кітапханасына тарту етті
Сенатор Нұртөре Жүсіп Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №159 орта мектептің ұстаздарымен кездесті. Кездесуде ол білім беруге, педагогтар мен сала қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға және балаларды буллингтен қорғауға қатысты Парламент қабылдаған заңдар туралы айтып берді.
Депутат мектептің материалдық-техникалық базасымен танысып, білім ордасындағы кітапхананың қорына назар аударды.
«Кітап – сарқылмас даналықтың қайнар көзі. Біз ақылды және білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттыруымыз керек. Қазіргі таңда мемлекет ел кітапханаларын үздік кітаптармен толтыра отырып, сапалы білім алуға барлық жағдайды жасап келеді. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғаса береді деп сенемін», – деді Нұртөре Жүсіп.
Сенатор кездесу соңында мектеп кітапханасына өзінің жеке жинағынан 150 кітап тарту етті.
Сенаттың Баспасөз қызметі