Өнердің жүзіп өріне

Арқалық қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның бастауыш 2-сынып оқушысы Дәулет Айзере Алмасқызы «Өнер» — десе ішкен асын жерге қоятын өрендердің бірі.

Мың бұрала билегенді жаны қалайды. Оның осы талабын байқаған ата-анасы қаладағы «Айказ» өнер орталығындағы би тобына берді.

Айзере мен оның құрбылары биыл қараша айында Алматы қаласында өткен ІІ Халықаралық «Алматы жұлдыздары» байқауына қатысып, топ бишілері бас жүлде мен І орынды иеленді. Айзеренің тобындағы 12 қыз қазақ биі «Алтын сақаны» сахнаға алып шықты. Көрермендер ілтипатына ие болып  қазылар алқасының талабынан шыға біліп, І-орын мен арнайы сыйлыққа ие болды.

Өнеріңмен өрге жүз, Айзере!

FSH редакциясы