Оқушылардың сабақта 30 минуттан артық гаджет қолдануына рұқсат жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық —эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Санитариялық — эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған, — деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мектепалды сыныптардағы сабақтың барынша рұқсат етілген ұзақтығы — 25-30 минут. Сонымен бірге сабақ саны төртеуден аспауы тиіс. Сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуыкерек. Аталған бұйрықтың 21 — тармағынақосымша «объектінің жертөле және цокольдыққабаттарындағы үй — жай сәулет, қала құрылысыжәне құрылыс саласындағы мемлекеттікнормативтердің талаптарына сәйкесорналастырылады» делінген редакция жазылсын» — деп көрсетілген құжатта.
Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақтадербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт:
— мектепалды, мектепке дейінгі топтарда(сыныптарда) және 1 сыныптарда — 15 минуттанаспайды;
— 2-3 сыныптарда — 20 минуттан аспайды;
— 4-5-сыныптарда — 25 минуттан аспайды;
— 6-8 сыныптарда — 25 минуттан аспайды;
— 9-11(12) сыныптарда — 30 минуттан аспайды.