Оқырманмен кездесіп, достарымыз көбейді!

Алматы облысы, Кеген ауданы мектептерінің оқушыларымен кездесулер өткізіп, балалар көкейінде жүрген бірқатар сұрақтар төңірегінде әңгімелестік.

9-11–сынып оқушылары мектеп бітірген соң, қай оқу орнын таңдаймыз деген маңызды сұраққа жауап іздеуде. Мамандық таңдау — адам өмірінің азығы. Оқушылармен түрлі мамандық иелері туралы сөз өрбіді.

Еліміздің бар оқушысына, солардың қатарында кегендік мектеп оқушыларына сәттілік, ұстаздарына шәкірт жетістіктері мен ата– анаға амандық тілейміз!

 

*Садуақас Серкебаев атындағы «Мектепке дейінгі шағын орталығы және Түменбай бастауыш мектебі бар мектеп — гимназиясында» ардагер – ұстаздар қашанда шәкірттерінің ақылшысы, жақсы іске жанашыр жандар. Мектеп директоры – Нүсіпқожаева Лара Нұрәліқызы.

Бақтиярқызы Толғанай, Тәкен Жанар, тәжірибелі мұғалімдер Қайыңбаева Жазира, Иманбаев Байболат, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Молдахынов Дулат Тұрсынқожаұлы.

 

*Кеген №3 орта мектебіне өткен жылы академик Кеңес Нұрпейісұлының есімі беріліп, мектеп – лицей мәртебесіне ие болды.

 

Мектеп – лицей директорының міндетін атқарушы – Жаңабергенова Гүлнара Жанәбілқызы, Кишибаева Аяулым Тумархановна, Нұрғалиева Салтанат Сакенқызы.

 

 

*Өжек Жаңабаев атындағы мектепте жоғары сынып оқушылары үшін тым қарбалас шақ. Бірі – ҰБТ-ға дайындалса, келесі бірі мектепішілік шаралардың ортасында жүр.

Ізденімпаз оқырмандарымызға сәттілік тілейміз!

Мектеп директоры – Мухамедиева Маркия Абдыханқызы.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Жанбабаева Асел Мелисовна.