Қолданыстағы жаңа сөздер
Харрассмент дегеніміз – адамдарға еркінен тыс физикалық түрде қысым, зорлық-зомбылық көрсету, жағымсыз сөздермен, хабарламалармен бопсалау, жыныстық тұрғыда құқығын таптау, жеке шекарасын бұзу. Харассменттің 6 түрі бар. Олар: жәбірленушіге рұқсатсыз жанасу, қол тигізу; ізіне түсу; вербалды харассмент; кибер харассмент; эксгибиционизм және жыныстық қысым көрсету. Қазір харассменттің құрбаны болған әйелдер мен қыздардың саны өте көп. Алайда қоғамда жиі кездесетін оқиға жайлы факті кездессе де, статистика нақты емес.
Бұған харассментке ұшырағандардың «ұят боладыдан» қорқып, үнсіз қалатындары да әсер етіп отыр. Психологтердің айтуынша, қылмыстық істер соңына дейін зерттелмейді, айыпталушылар жауапқа тартылмайды.
Коллаборация – Ынтымақтастық. Шетелдік «ынтымақтасу» ұғымы латынның «collaborare» — ынтымақтастық, біреумен жұмыс істеу деген сөзінен шыққан. Өлі тілден ол жанды және талғампаз француз тіліне көшті: бұл жерде «collaborateur» — қызметкер, бірлескен автор, әріптес, одақтас.
Ынтымақтастық – ортақ мақсаттарға жету үшін кез келген саладағы екі немесе одан да көп тараптардың (адамдардың да, ұйымдардың да) бірлескен іс-әрекетінің процесі. Ғылым, музыка және YouTube саласындағы ынтымақтастық. Сән әлеміндегі ынтымақтастық. Басқару жүйесі ретіндегі ынтымақтастық. Педпгогикалық білім берудегі коллаборация. Басқару жүйесі ретіндегі ынтымақтастық
Ынтымақтастық сән үрдісіне айналды: барлығының барлығымен ынтымақтастығы қарқын алуда. Бірлескен қызмет қызықты, жиі болжауға болмайтын нәтижелер береді.
Дайвинг (ағыл. diving ағыл. to dive —жүзу) — арнайы құрал-жабдықтары бар су астындағы жүзу болып табылады. Ағылшын тілінде «diving» сөзі жай «жүзу» және құрылғымен су астындағы жүзуді (ағыл. scuba diving) сипаттау үшін және құрылғысыз жүзуді (ағыл. free diving), судағы істі және жай суға секіруді білдіреді. Су астында бірнеше минуттан 12минутқа дейін немесе одан да көп сағаттар бойы, тереңдігіне байланысты ауа жұту аппаратын пайдалануына байланысты болып табылады.
Ең алғашқы халықаралық жарыстар 24 мамыр күні Хургада өтті.Жарыстар бағдарламасы өзіне 300 м. қашықтыққа жүзуді қарастырды.
Геймер дегеніміз – ағылшын тілінің «game – ойын» сөзінен шыққан, ал «геймер» – «виртуалды ойыншы», яғни компьютерлік ойындарға тәуелді жандар. Геймер – хобби да, мамандық та, құрметті атақ та емес, керісінше психикалық патология. Олар күнін монитор алдында өткізеді. Бұл оның көңіл-күйі мен психикасына қатты әсер етеді. Күн сайын миллиардтаған адам ұйқысынан оянып, тамақтанып, ойын ойнауға кіріседі, бұл олардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналған.
Дереккөзі: «Уикипедия», «Aikyn.kz», «El.kz»